Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мәслихатқа үш партияның өкілдері өтті – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/maslihatqa-ush-partiyanyng-okilderi-otti/


Мәслихатқа үш партияның өкілдері өтті – Астана Ақшамы

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 680 705 азамат енгізілді, олардың ішінде 305 377 адам немесе 44,86%-ы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 296 274 адам қатысты, олардың ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 265 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілген:
Қазақстанның Халық партиясына – 21 251 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,41% дауысы;
«Nur Otan» партиясына – 239 898 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 83,61% дауысы;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 2 814 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлау­шылардың 0,98% дауысы;
«Ақ жол» Қазақстанның демократия­лық партиясына – 21 338 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,44% дауысы;
«ADAL» саяси партиясына – 1 619 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,56% дауысы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар төмендегідей белгіленді:
Қазақстанның Халық партиясы – 2 мандат;
«Nur Otan» партиясы – 26 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократия­лық партиясы– 3 мандат.

Нұр-Сұлтан қаласының
сайлау комиссиясы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335085
Пікірлер

Көрші сілтемелер