Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Киножобалар конкурсы басталды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/kinozhobalar-konkursy-bastaldy/


Киножобалар конкурсы басталды – Астана Ақшамы

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы үздік киножобалар конкурсына өтініштерді қабылдау­ды бастады. Мемлекет тарапынан қаржылық қолдау­дан үмітті киножобаларды іріктеу барысында ескерілетін басымдықтар айқындалған.

Конкурсқа кез келген жанрдағы сценарийлер өткізіледі. Бірақ «Отбасылық кино», «Балалар киносы» жанрларында жазылған жұмыстар, соның ішінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған анимациялық фильмдер басымдыққа ие болады. Бірлесіп түсірілетін халықаралық жобалар назарға алынады.
Қазіргі қоғамның негізгі әлеуметтік проблемаларына арналған сценарийлерге, сондай-ақ қоғамның назарын аударуды қажет ететін мәселелерге басымдық беріледі. Бұл – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту, қолжетімді орта құру, экологияны сақтау, әлеуметтік маңызы бар мамандықтар туралы фильмдер. Пандемия жағдайында аянбай қызмет еткен және вируспен күресуге атсалысқан медицина қызметкерлерінің жұмысы туралы киножобалар сұранысқа ие болады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жұртшылықты сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу процесіне белсенді тарту тақырыбын ашатын сценарийлер мен құқық қорғау органдарының имиджін арттыруға бағытталған киножобалар да басымдыққа ие болмақ.
Деректі кино бағытындағы сценарийлерге үлкен назар аударылады. Соның ішінде ғылыми-­көпшілік киноға, Қазақстан халықтарының достығына арналған, Қазақстан тарихы мен 2021 жылы өтетін мерейтойлар мен атаулы күндер туралы, тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған фильмдерге көп көңіл бөлінеді.
«Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде киелі нысандар, соның ішінде Отырар қалашығы жайында, қазақ халқының болмысы мен ерекшелігін анықтауға үлкен үлес қосқан маңызды тарихи тұлғалар, біздің заманымыздың батырлары, еліміздегі ғарыш саласының дамуы мен жетістіктері, өз саласында жетістікке жеткен шетелдегі отандастарымыз туралы киножобалар қабылданады.
Отбасылық құндылықтарды дамытуға ерекше үлес қосқан белгілі әйелдер, аналар, ұлттық батырлар, белгілі тарихи тұлғалар туралы (Зарина, Қарлыға, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым, Айман, Шолпан, Нұрила, Айша бибі, Рабия ханым, Қарқабат, Қарашаш, Зере, Айғаным, Хиуаз Доспанова, Кәмшат Дөненбаева, Зылиха Тамшыбаева, күрішші Жадыра және т. б.) фильмдер сұранысқа ие.
Атап айтқанда, «Ірі бюджеттік тарихи ойын фильмдері» және «Қысқа метражды фильмдер» санаттарында мемлекеттік қаржыландыруға бөлінетін квоталар саны шектеулі.
Өтініштер мен сценарийлер 15 ақпанға дейін қабылданады. Тиісті сараптама кеңесі оларды 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында қарайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335074
Пікірлер

Көрші сілтемелер