Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


16 мың адам жұмысқа орналасты – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/16-myng-adam-zhumysqa-ornalasty/


16 мың адам жұмысқа орналасты – Астана Ақшамы

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жалғасын табады. Былтыр елордада аталған бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

Жұмыссыздықпен күресу – ел экономикасының өркендеуіне септігі мол қозғаушы күш. Бұл қашанда өзекті. Осы бағытта Үкімет басындағылар жұмыссыз­дықпен күресудің бар амалын жасап жатыр. Республика көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүйелі жүргізіліп келеді. Қазір көпшілік бұл жобаның шарапатын көруде. Бірі жұмысқа тұрса, енді бірі жаңа кәсіп үйреніп, жеке бизнесін ашып жатыр.
Өткен жылы әлем дүрбелеңге түскен індет кезінде көптеген кәсіпорын мекемелерде жұмыс орындары қысқартылып, кейбір азаматтар жұмыссыз қалды. Осы кезде Президенттің бастамасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласында 16077 адам жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 8175 адам жұмыс тапса, жобаны жүзеге асырушы мердігерлер арқылы 7902 адам еңбекке араласқан.
«Жол картасы» бойынша жұмысқа орналасқандар: құрылысшы, сантехник, дәнекерлеуші, клинингтік қызмет көрсетушілер, ауыр жүк көліктері мен кран жүргізушілері, жол жөндеу­ші, аспаз, есепші, бетоншы, техникалық сатып алулар бойынша маман, инженер, электр маманы. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, құрылысы тоқтап тұрған көпқабатты тұрғын үйлер жөнделіп, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға күрделі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ абаттандыру бойынша құрылыс саласына қатысты бос жұмыс орындары ұсынылды.
Былтыр 149 инфра­құрылымдық жоба жүзеге асырылып, мердігер мекемелер 1469 адамды еңбекпен қамтыды.
Жұмыспен қамтудың жол картасы уақытша жұмыс түріне жатады. Бағдарламаға қатысушылар 85000-250000 теңге көлемінде жалақы алады. Ол жұмыскердің қызметі мен атқарған жұмысына байланысты тағайындалады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335067
Пікірлер

Көрші сілтемелер