Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


70 мыңға жуық оқушы мектепте оқиды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/70-mynggha-zhuyq-oqushy-mektepte-oqidy/


70 мыңға жуық оқушы мектепте оқиды – Астана Ақшамы

Оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Алайда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында сайлау учаскелері ретінде тартылған білім беру нысандарындағы дезинфекциялық іс-шаралардың салдарынан жаңа тоқсанның бірінші оқу күні сабақтар қашықтықтан оқытылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елімізде 12 қаңтардан бастап оффлайн режимде оқыту жалғасады. Айта кетейік, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары «кезекші сынып» режимінде оқуын жалғас­тырады. Сонымен қатар, үшінші тоқсанда бітіруші сыныптар (9, 11, 12-сыныптар) кезекші сыныптар қағидаты бойынша аралас форматта (15 адамнан артық емес) оқиды.
Елордада үшінші тоқсанда 70 мыңға жуық оқушы мектепке барып оқитын болады.
Оффлайн сабақтар кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, гео­метрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы сияқты инвариантты компонент пәндері кіреді. Бұл оқу пәндерінің 70%-ын құрайды. Қалған 30% пәндер – информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық қашықтық форматта өтеді. Мектептер икемді кестелер әзірлейді, сабақтар арасындағы өзгерістер әртүрлі сыныптар үшін түрлі уақытта өтеді, әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар көбейеді. Бір сабақтың уақыты 5 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1333944
Пікірлер

Көрші сілтемелер