Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шеберлік сабақтары – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 12:15 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/sheberlik-sabaqtary-2/


Шеберлік сабақтары – Астана Ақшамы

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елордалық ТЖД басшысы Қуаныш Базарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының №5 және 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде «SOS Астана балалар ауылының» балалары мен тәрбиеші-оқытушылар құрамы үшін экскурсия өтті.

Шара барысында балалар мен тәрбиешілер өрт сөндіру, апаттық құтқару техникасымен танысып, құтқару спорты бойынша құрама командалардың жұмысын өз көздерімен көрді. Құтқарушылардың шеберлік сабақтары балалар үшін қызыққа толы болды. «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілерін өз қамқорлығымызға алып отырмыз. Жас ұрпақ болашақта өрт сөндіруші немесе құтқарушы боламын десе біз әрқашан оларды қолдауға дайынбыз. Көкшетауда құтқарушыларды дайындайтын арнайы институт бар. Егер балалар сонда түсуге ниет білдірсе, қазірден бастап дайындаймыз. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Құтқарушы» спорт кешені жұмыс істейді. Біз сол жерде жүйелі түрде үйірмелер ашып, балаларды жүзуге, спорттың басқа да түрлеріне баулымақпыз. Өз тарапымыздан оларға төтенше жағдай кезінде өзін ұстау мен дұрыс әрекет етуді үйретсек дейміз. Балалардың да өрт сөндіруші қызметіне деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. Тосылып қалмай, сауалдарын қойып, мамандармен қызу әңгімелесіп жатыр. Бұл, әрине, қуантады» деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Сондай-ақ алдағы уақытта балалар үшін осындай экскурсиялар, ашық есік күндері, спорттық іс-шаралар, жас құтқарушылардың үйірмелері, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен дағдыларына үйрету жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Болашақта құтқарушы боламын деген тәрбиеленушілермен байланыс үзілмейді. «Бүгінгі шараға орталығымыздан 27 бала қатысуда. Тәрбиеленушілер бірінші рет емес, екінші рет осындай экскурсияға қатысуда. Бұл шарамен бұрыннан таныс. Балалардың өрт сөндіру қызметіне деген қызығушылығы әр келген сайын артып жатыр. Алдағы уақытта балаларымызды жүзуге алып келеміз деп жоспарлау­дамыз» деді «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиешісі Ақбота Жұмаханова.

Көктем ҚАРҚЫН

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1333896
Пікірлер

Көрші сілтемелер