Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Белсенділік жоғары болды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 11:45 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/belsendilik-zhoghary-boldy/


Белсенділік жоғары болды – Астана Ақшамы

– Нұр-Сұлтан қаласындағы №139 сайлау учаскесінде бақылаушы болдым. Халық таңғы жетіден кешкі сегізге дейін дауыс берді. Азаматтардың белсенділігі жоғары. Сайлаушылардың қатарында үлкендермен қатар жастарымыз да көп болды. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Сайлау ережесіне қарсы келетін оқиғалар орын алмады. Өрес­кел, күрделі заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.Халықтың сайлауға қатысу мәдениетінің жоғарылағаны байқалады. Дауыс беру учаскесіне келген азаматтар өзін сондай мәдениетті ұстап, естелік фотоға түсті. Бәрі заң аясында өтті. Биылғы сайлау пандемия жағдайында өткендіктен қауіпсіздік талаптары барынша ескерілген. Комиссия мүшелерінің де тәжірибелі екені көрініп тұр. Санитарлық талаптар да қатаң сақталуда. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар арасын әйнектер бөліп тұр. Барлығы жүйелі түрде жүзеге асты. Әрбір азамат сайлауға қатысып, өзінің дауыс беруін азаматтық парызы ретінде сезінетіні байқалды. Бұрын сайлауда үлкендер жағы белсенділік танытса, биыл жастардың өзі арамызда байқаушы болды. Себебі олар да елорда тұрғыны болғандықтан саяси науқанға қатысып, тарихи сәттің куәгері болуды Отан алдындағы борышы санайды. Мен де сондай ниетте таңнан кешке дейін байқаушы ретінде қызметімді атқардым.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1333868
Пікірлер

Көрші сілтемелер