Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сайлау күнгі сәби үні – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 11:00 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/sajlau-kungi-sabi-uni/


Сайлау күнгі сәби үні – Астана Ақшамы

Сайлау күні еліміздің әр аймағында іңгәлаған сәбилердің үні жарыса шығып жатты. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 69 бала дүние есігін ашты. Оның 34-і – қыз бала, ал қалған 35-і – ұл бала.

Түркістан облысында 135 сәби өмірге келді. Бұл – әдеттегіден екі есе көп көрсеткіш. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мұның бұрын-соңды болмаған жағдай екенін, осылайша, рекорд орнатылғанын мәлім етті. Жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Ал сәбилерге Қасым-Жомарт, Нұрсұлтан, Сайлау, Сайлаугүл атты есімдер қойыл­ған. Халқымыз ежелден әр күннің мән-мағынасына баса назар аударып, дүние есігін ашқан баланың есімін сол айтулы датамен байланыстырып ырымдап жатады. Жас ана, Атырау облысының тұрғыны Шынар Төлеушова – баласының дүниеге келу қуанышын ел өміріндегі осы ерекше оқиғамен байланыстыруды ұйғарған жандардың бірі. «Біздің отбасымызда балаларға мағынасы бар арнайы есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, біз үшінші қызымызға Құралай деп ат қойдық, өйткені ақсақалдар айтқандай, ол көктемгі табиғат құбылысы – «Құралайдың салқыны» кезінде дүниеге келді. Бұл кезде қатты жел тұрып, екі-үш күн бойы жаңбыр жауады. Бүгін біз, еш күмәнсіз сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды шарамен байланыстырып «Сайлау» деген есім бердік» деді жас ана.
Сондай-ақ 10 қаңтарда Маңғыстау облысында төртем дүниеге келді. Олардың біреуі – ұл, үшеуі – қыз. Ал Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында үшем өмір есігін ашты. «Қыз өссе, елдің көркі» дегендей, үшеуі де қыз. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1333821
Пікірлер

Көрші сілтемелер