Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сегіз жыл салынған тұрғын үй – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:00 - 2020/10/17

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/segiz-zhyl-salynghan-turghyn-uj/


Сегіз жыл салынған тұрғын үй – Астана Ақшамы

Құрылысы ұзаққа созылған «Алтын шар» тұрғын үй кешенінің бірінші блогы пайдалануға берілді. «Жағалау-3» аяқталуға жақын. Қазір үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үлескерлермен арнайы кездесіп, әңгімелесті. Жүздесудің нәтижесін өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

– «Алтын шарды» алғаш көрген кезімде құрылысы мүлде тоқтап тұрды. «GLB» үй құрылысы комбинатының құрылысшылар мен кредиторлар алдында миллиондаған қарыздары болды. Көппәтерлі тұрғын үй кешені үш блоктан тұрады. Мұндағы жұмыстар қайта жаңғыртылды. Құрылыс комбинаты жұмысының қайта жандануына мемлекет тарапынан көмек көрсетілді.
Үйдің бірінші блогының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Үлескерлерге кілттер беріліп, құжаттар рәсімделе бастады. Бұл – шамамен 200 отбасы. Кейбір отбасылар көптен күткен баспаналарына кіріп үлгерді.
Жыл соңына дейін аталған тұрғын үйдің екінші блогын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде тағы 200 үлескердің мәселесі шешіледі. Үшінші блоктағы жұмыстарды күшейтуді тапсырдым. Ол жерде 218 отбасы пәтерін күтіп отыр. Үйге уақытша кірме жолдар салдық, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз.
Сонымен бірге құрылыс комбинаты «Бағыстан» тұрғын үй кешенін аяқтау мен әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысына жұмылдырылған. Үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жаңғырту сапаға нұқсан келтірмей, үйлерді аз уақытта салып шығуға және шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді, – деп жазды Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар қала басшысы әлеуметтік желі арқылы құрылысы сегіз жылға созылған «Жағалау-3» тұрғын үй кешені тапсырылуға жақын екенін хабарлады
– «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30-блогы құрылысына ақша салған 600-ден аса отбасы алданды. Тұрғындармен бірнеше рет кездесіп, кезең-кезеңімен атқарылатын құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтау, жылу мен кәріз жүйелеріне қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда.
Қасбет бойынша жұмыстар аяқталды. Абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды. Кең ауламен қатар футбол және баскетбол алаңдарын орнатамыз. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі. Лифттердің бір бөлігі орнатылды. Тиісті жұмыстар жалғасуда.
«Жағалау-3» нысанының 30-блогы құрылысын аяқтап, үйді осы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы алады. Сонымен қатар «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 28 және 29 блоктары құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау оңай мәселе емес. Әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1282146
Пікірлер

Көрші сілтемелер