Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ахуалды бақылауға алуды тапсырды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2020/10/15

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/ahualdy-baqylaugha-aludy-tapsyrdy/


Ахуалды бақылауға алуды тапсырды – Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Президентке биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар салада дамудың оң қарқыны байқалатыны баяндалды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,3 %-ға жеткен, құрылыс көлемі 10,5%-ға, тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 9%-ға немесе шамамен 9,6 миллион шаршы метрге артқан. Ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5%-ды құрады. 1 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 91,1 миллиард долларға жетті.

Үкімет басшысы қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғанын айтты. Осы ретте тамыз айымен салыстырғанда сауда-саттық 2,7%-ға, байланыс 1,3%-ға, көлік және қойма 1,2 %-ға артқан. Қызмет көрсету секторындағы өсім шағын және орта бизнестің жанданғанын білдіреді. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.
Премьер-Министр 11-12 қазан күндері Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары туралы есеп берді. Аталған сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтардың нақты жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізілді. Сонымен қатар екі ел үкіметтері Инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Онда құны 6,1 миллиард доллар болатын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген. Аталған құжат жоғары қосымша құны бар және пайдасы мол, сондай-ақ ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие болатын өндіріс орындарын ашуға бағытталған.
Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің атқарған іс-қимылдарын атап өтіп, азаматтарымыздың денсаулығына, шағын және орта бизнестің жұмысына, сондай-ақ жалпы экономиканың дамуына шетелде кең тараған коронавирус індетінің кері әсерін болдырмау үшін Премьер-Министрге еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1280436
Пікірлер

Көрші сілтемелер