Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Барша жұрт қазақ жырын жатқа оқыды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:00 - 2020/10/15

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/barsha-zhurt-qazaq-zhyryn-zhatqa-oqydy/


Барша жұрт қазақ жырын жатқа оқыды – Астана Ақшамы

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» шарасын жариялаған еді. Байқаудың шарты бойынша үміткер қазақтың «Батырлар жырынан» біреуін жатқа мәнерлеп оқып беруге тиіс болатын.

«Тіл-Қазына» орталығының бас директоры, жазушы Әлібек Асқардың сөзіне зер салсақ, бәйгеге еліміздің он төрт өңірі мен үш қаласынан еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін 20 этнос өкілінен құралған 243 үміткер қатысыпты. «Қобыланды батыр» жыры байқау барысында 76 рет толғанса, одан кейін «Алпамыс батыр» эпосы тұр.
Қатысушылардың жас ерекшелігіне көз жүгіртсек, ең жасы Нұр-Сұлтан қаласы «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиеленушісі 5 жасар Мария болса, үлкені Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер Насима Фаткульбаянова екен. Сонымен байқаудың қорытындысына тоқталсақ, «Батырлар жырынан» үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, ең көп «ұнайды» белгісін жинап, қазақ тілін барынша насихаттаған Павлодар облысы Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Инесса Легкая, Ақтөбе облысы Алға ауданы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Илона Карасаева, Түркістан облысы Созақ ауданының тұрғыны Ситара Аширмет, Тараз қаласы «Хабар-24» телеарнасының тілшісі Виктория Трегубова, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Арыстанбап жоғары колледжінің 2-курс студенті Индира Раван-Нахчивани жүлдегер болып танылды. Бұдан басқа да мәнерлеп оқып, шеберлік көрсеткен тағы он үздік қатысушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің дипломымен марапатталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1280370
Пікірлер

Көрші сілтемелер