Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Францияда «Томиристің» аты озды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 06:45 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/frantsiyada-tomiristing-aty-ozdy/


Францияда «Томиристің» аты озды – Астана Ақшамы

Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі қыркүйектің 2-сі мен 13-і аралығында Парижде өткен L’Étrange Festival кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды.Арнайы «Жаңа жанр» жүлдесін Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі Canal+ табыстап, фильмді көрсету құқығын сатып алып, прайм-тайм уақытында көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1261851
Пікірлер

Көрші сілтемелер