Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлы ғалымға құрмет – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 06:15 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/uly-ghalymgha-qurmet/


Ұлы ғалымға құрмет – Астана Ақшамы

Израильдің Хайфа қаласында ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай оның есімімен аталатын көшеге ескерткіш тақтайша қойылды, деп хабарлайды Елорда ақпарат.

Салтанатты шараның ашылуында Қазақстанның Израильдегі Төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақов жиналғандарға әлемнің «екінші ұстазы» атанған философтың мұрасы жайында парасатты ой толғады. Сонымен бірге елші көрнекті ғалымға ескерткіш тақтаның қойылуы екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түсетіндігін жеткізді.
Хайфа қаласы әкімінің орынбасары Лазар Каплан әл-Фараби көшесіне орнатылған ескерткіш тақта қаладағы араб және еврей кварталдары түйіскен жерде орналасқанын және мәдениеттер бірлігін білдіретінін атап өтті.
Еврей ойының зерттеушісі, Израиль Ашық университетінің докторы Ури Гершович тыңдаушыларға Тәураттың көрнекті аудармашыларының бірі раввин Моше бен Маймон өз шығармаларында әл-Фарабиді өзінің «рухани ұстазы» деп жиі атайтынын жеткізіп, қазақ және еврей халқының рухани байланысын сөз етті. Айтулы шараға қала әкімдігі, дипломатиялық корпус және ғылыми топтардың өкілдері, Хайфада оқитын қазақ студенттері қатысты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1261846
Пікірлер

Көрші сілтемелер