Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Баға үнемі бақылауда – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 05:45 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/azyq-tulik-baghasy-turaqty-ma/


Баға үнемі бақылауда – Астана Ақшамы

Қазіргідей пандемия жағдайында азық-түлік бағасын тұрақты қалыпта ұстау өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осы бағытта елордада құрылған тұрақтандыру қоры бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойын­ша қолға алынып отыр­ған шараларды атап өтті. Бұл ретте сауда желілерін кеңейту және жеңілдікпен несиелендіру, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бойынша жүйелі жұмыс­тар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Елордада біріншіден, «Айналым тетігі» жобасы жалғасын тапты. Сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома 180 миллион теңгеден 2,4 миллиард теңгеге, яғни он үш еседен аса артты. Бұл 16 өнім түрінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Егер бұрын жобаға сауда желілерінің 4 нысаны қатысса, қазір олардың қатары 12-ге дейін көбейді. Атап айтқанада, «Магнум», «Астықжан», «КеңМарт», «Вкусмарт», А2, «Метро», «Анвар», «Рахмет», «Ақмол», «Смолл», «Артем», «Шапағат» сауда орындары азық-түлік өнімдерін тұрақты ұстауға мүдделік танытып отыр.
Сонымен қатар бағаны бекіту кезеңі бір жылға де-йін созылды. Отандық тауар өндірушілермен тікелей 700 млн теңгеден астам сомаға 3 форвардтық келісімшарт жасалды.
Екіншіден, Тұрақтандыру қоры құрылды. «Әлеуметтік нан» бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 700 млн теңге бөлінді. Бұл сондай-ақ наубайханалардың жұмысын қолдауға мүмкіндік береді.
Үшінші, 5 қыркүйектен бастап әр демалыс күндері біз 12 қазанға дейін ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткіземіз. Өнімді 12 өңір алып келеді. Екі демалыс аптасында нарық бағасынан төмен бағамен 1 мың 200 тоннадан аса өнім сатылды.
Төртіншіден, жеке инвестицияларды тарту есебінен қажетті министрліктермен бірлесіп қалада үш көтерме-тарату орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Олар әсіресе маусымдық сұраныс кезеңінде, әлеуметтік маңызы бар азық – түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді» деп қорытындылады елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1261843
Пікірлер

Көрші сілтемелер