Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ынтымақтастық тереңдей түседі – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:30 - 2020/09/15

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/yntymaqtastyq-terengdej-tusedi/


Ынтымақтастық тереңдей түседі – Астана Ақшамы

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қытаймен достықты жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Біз тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, шекара мәселесін толық шештік. Біздің қарым-қатынасымызда ешқандай түйткіл болған жоқ, әрі қарай да солай жалғасуы керек. Қазақстан Қытайдың біраз бастамаларын қолдайды. Соның бірі — «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жүзеге асуы. Оны Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан жерінде жариялаған болатын. Біз талай шаруа атқардық, әлі де көп жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде» деді Елбасы.
Қытайдың сыртқы істер минис­трі Қазақстанның жетістіктеріне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевқа екі ел арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.
Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің ауызша ыстық сәлемін жеткізді. Онда Қытай Төрағасы Елбасыны кез келген ыңғайлы уақытта Қытайға сапармен келуге шақырды.
Өз кезегінде Тұңғыш Президент Қытай Төрағасына ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңыздылығы туралы пікірін білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1260214
Пікірлер

Көрші сілтемелер