Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Малдың бағасы қанша болады? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 05:45 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/maldyng-baghasy-qansha-bolady/


Малдың бағасы қанша болады? – Астана Ақшамы

Биылғы баға бойынша болғанда 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.

Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптарды да атап өткен бас имам кейбір малдардың құрбандыққа жарамсыз болып қалатын жақтарын да түсіндірді. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қойдың бағасы 50 мың, ірі қараны 350 мың деп бердік. Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек. Бір жасқа толмаған қойлар құрбандықтың орнына жүрмей қалуы мүмкін. Ал 1 жасар қойдың бағасы үшін 50 мың өте жақсы баға» деді бас имам.
Сонымен қатар Ерболат Жүсіпов елордада құрбандыққа шалынатын орындарды және онлайн тапсырыс берілген құрбандықтар қалай шалынатынын да түсіндірді. «Қой мен ешкі сойылатын арнайы орын, ірі қараға арнайы орын белгіленді. Олардың барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Құрбандық шалу үшін 40 қасапшы таңдап алынды. Олардың арнайы сертификаттары да бар. Құрбан шалушы адамның тілегін қанағаттандыру мақсатында кері есеп жібере аламыз. Бұл жерде ешқандай күмән болмауы керек. Еттің таратылуы еріктілер арқылы жүзеге асырылады. Құрбандық шарасын атқаруға сақадай саймыз» деді ол.
Ал ауылды жерлерде 6 айдан асқан тоқтылардың, ісек қойлардың бағасы – 40-45 мың, семіз қойлардың бағасы 50-60 мың аралығында болса, еркек қойлардың бағасы 70 мыңнан 90 мыңға дейін жетіп тұр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230277
Пікірлер

Көрші сілтемелер