Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мешіт есігі неге жабық? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 05:30 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/meshit-esigi-nege-zhabyq/


Мешіт есігі неге жабық? – Астана Ақшамы

Мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланыс­ты еліміздің мешіттерінде жұма намазы уақытша оқылмайды, намаз оқу уақытша тоқтатылды деген пәтуа шықты. Карантин күндері халық осы тәртіпке бағынды. Бұл – өте дұрыс шешім. Дегенмен бүгінде тәжтажалдың демікпесі сәл басылғанда ауыр күндерді артта қалдырып, есімізді жия бастағанымызбен, мешіттер есігіндегі қара құлып көбімізді ойландырып жүр.

Індет алқымнан буғанда ҚМДБ рухани қорған бола білді ме деген сұрақ мазалайды. Әсіресе, осы күндері имам деп айтпа­йын, жақынымыздан ­айырылып жылап келгенде жай мешіт қызметкерінің жылы сөзі көбімізге медет болатын еді ғой.
Жалпы, қазақтың дүниетанымында, өзге мұсылман бауырларымызға қарағанда, мешіттің орны бөлек. Мешітке арнайы барып садақамызды тастап, имамға құран оқыту әдетімізден кетпек емес. Ал олардан бөлек діни сауаты сәл артықтардың мешітке келіп, арақашықтықты сақтап, тым болмағанда мешіттің сәлемін оқып кетсе де көп жеңілдеп қалмай ма?!
Біле білсек, мешіт – көбіміз үшін рухани қорғанымыз, тірегіміз. Бірін біліп, бірін білмейтін сеніміміздегі діни ғұрыптарды түгендеп жіберетін тұрағымыз.
Сөйте тұра, астанадағы зәулім-зәулім мешіттерден бір кісілік орын табылмағаны өкінішті. Ал қаланың базарлары, дүкендері тірлігінен қалған жоқ, оған қоса демалыс сайын жәрмеңкелер де жұмыс істеп тұр.
Олай болса мешітке құран оқыта келген дәреті таза, имандылыққа шын мұқтаж жандарды дұға бағыштап, құран оқып шығу үшін бір-бірлеп немесе үш адамнан мешітке жіберіп тұрса, арақашықтықты сақтау­ға және кіріп-шығуға 10 минут уақыт шектеуі қойылса, сабыр сақтап, талапқа көнер едік.
…Мешіт жолымда болған соң, мен де бірде соға кеттім. Есігінде қара құлып, жан-жағына шектеу белгілері тартылған. Бірақ бір айтарым, мешіт ауласында садақа салатын темір жәшігі шығарылып қойылыпты…
Осылайша індет жағ­дайы тек мешітке келетін қауымға тосқауыл болды ма деген ойға шомдым. Әйтпесе, базарың істейді, саябағың ашық, дәмханалар сыртқа дастарқан жайған… Алланың жердегі орны деп ауыз толтырып айтатын мешітке, оның білімді имамдарына айтатын сөзім осы ма еді…

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230275
Пікірлер

Көрші сілтемелер