Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қаладан табиғатқа: «Ауыл туризмі» бізге ауадай қажет – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:30 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qaladan-tabighatqa-auyl-turizmi-bizge-auadaj-qazhet/


Қаладан табиғатқа: «Ауыл туризмі» бізге ауадай қажет – Астана Ақшамы

Осы карантин күндері ауылдан жайлы жер іздеп, алаңсыз демалатын жағдай қарастырып жатырмыз. Емге дәру деген соң бие байлап, қымыз ашытып отырған ауылдарда саумал ішіп, он күнге болса да әлденіп алуға қажеттілік бар. Демек, жанұшырғанда туған жеріміз еске түсіп, ауылды ойға алуымыз заңды екен.

Қаланың шуынан аулақ, киіз үйдің көлеңкесінде самаурын қайнатып шай ішіп, шоқ табаға піскен нанға жаңа пісілген майды былғап жеп, тек мөңіреген сиыр мен маңыраған қойдың арасында үрген иттің ғана дауысы естілетін ауылдың мамыражай өмірі мына індетті ұмыттыратындай көреміз. Соны аңсағандардың алды интернетке хабарландыру жіберіп, табиғаты тамаша жерде оқшау үй табылса, айналасы малға толы берекелі ауыл болса айлап жатып, тынығар едік деп сұрастырып жатыр.
Бұл тағы бір мәселенің басын ашты. Яғни «ауыл туризмі» бізге ауадай қажет. Тек қазіргі қысылтаяң кезде ғана емес, жалпы осы туризмді дамытудың болашағы зор.
Бұл туризмнің мән-мағынасы – саяхатшылардың ауылдық жерде демалып немесе сол жердің егін-терім сияқты тірлігіне араласып, өзін жаңа ортада сезінуі. Туристер оны қала шуынан тынығу, таза ауада сейілдеп, табиғи, еш қоспасыз тағаммен тамақтанып, табиғаттың аясында тыным тапқысы келуімен іздейді.
Ауылға барғыңыз келсе, елдегі туыстарыңызды аралаңыз деуге де болады. Бірақ мұндай көзқарас туризмнің дамуына тұсау болады. Ауыл туризмі этнографиялық сабақ алатын, балаларды қазақы болмыспен қауыштыратын, дала иісін сезіндіріп, кеңдікті көңіліне тоқытатындай шарттарды біріктіруі керек. Атқа жем салып не болмаса құлынды байлап тұрса да пайдасы зор. Қозы-лақ қуалап келсе де ғажап емес пе! Алдымен еңбекке баулиды. Білім алып ізденудің қадірін біледі. Көздері смартфондардан тынығады. Осы күндері қазақтың баласына тайға мініп атпен жарысқан жетіспейді деп жатыр. Қазақша тілін сындыру керек пе, ауылдың қара домалақтарымен бірге ойнап келсін. Өсе келе қаланың пысығы ауылдың баласы деп үркіп тұрмайтын болады.
Мұндай мүмкіндік елде отыр­ғандардың көбінде жоқ. Бір ауылда бірлі-жарым адамдар бие байлап отырған тірлігі өздерінен артылмайды.
Рас, ауыл туризмін дамытып шешуге болады. Қонақжайлылықтың да қаражатына қол жеткізудің амалын ойлас­тыру қажет.
Мұндайда кез келген ірі қаланың шетінде қолайлы жерді таңдап алып, жайлау­ға киіз үй тігіп жіберіп, қажетті жабдықтарды жеткізіп, балаларға да, ата-аналарына да арналған бағдармалама жасап, уақыттарын мәнді өткізуге жағдай жасаса жақсы болар еді деп армандаймыз. Жасанды этноауылдай емес, нағыз ауыл тірлігімен жымдасып жатса дейміз. Оны қалай жетістігімізге айналдыруды мамандар ойлап шешер деген үміттеміз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230240
Пікірлер

Көрші сілтемелер