Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантинде қандай кітап оқыдың? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/karantinde-qandaj-kitap-oqydyng/


Карантинде қандай кітап оқыдың? – Астана Ақшамы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» шарасын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.

Елорда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бас­таған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетеді.
Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұ­лақ­баймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды әдетке айналдыру мен жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.
Шара барысында кітап­құмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230236
Пікірлер

Көрші сілтемелер