Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Пакеттерді пайдаға жаратты – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:00 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/paketterdi-pajdagha-zharatty/


Пакеттерді пайдаға жаратты – Астана Ақшамы

Елордада заманауи суретші Сәуле Сүлейменова қолданылған полиэтиленді пакеттерді пайдаға жаратып, көркем туынды жасады.

Туындыға арналған пакеттерді жинауға елорда тұрғындары көмектескен. Бір күнде қаланың үш сая­бағынан Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы әкімдіктің қолдауымен 4000-нан астам пакет жинады. Сондай-ақ Zeta дүкендерінде орнатылған экобокстардан тағы 1500 пакет алынды. Шара «Stopmusor» әлеу­меттік жобасы аясында өткен.
Сәуле Сүлейменованың айтуынша, ол әр тұрғынның үйінде «пакеттегі пакеттер» мәселесін шешу үшін жұмысын полиэтиленді пакеттерден бастапты. Шығармашыл жан теңдессіз туынды арқылы азаматтарға экологиялық мәселелер туралы ой салып, пластиктен түпкілікті бас тартуға үндейді.
«Бұл картина адамдар мен елорданың бұрынғы аудандарының бірі туралы сыр шертеді. Қазақ даласының қалаға қалай айналғаны жайлы. Бұл жұмыс сайын даладан ғана көруге болатын шексіз үлкен аспан туралы. Қиналған кезде үміт отын жағатын кеңістікті көрсеткім келді» дейді суретші.
Көркем туындыға түрлі-түсті реңк беру үшін бірде-бір бояу қолданылмаған, барлығы дерлік түсті полиэтилен пакеттері.
«Мен бояу қолданбай­мын әрі қолмен салмай­мын, туындыға сай па­кет­терді түсі мен реңкі бойынша таңдаймын. Барлық түстерді осы плас­тикалық қоқыстардан табуға болады» деді Сәуле Сүлейменова.
Көлемі 5-те 3 метрлік сурет «Жетісу» саябағындағы «Шарын шатқалы» жартасының алдында орналасқан.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230231
Пікірлер

Көрші сілтемелер