Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Емге -шипа, көңілге – медеу – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/emge-shipa-kongilge-medeu/


Емге -шипа, көңілге – медеу – Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі карантин жағдайына байланысты жұмыс жүйесін біршама өзгертіп, денсаулығы күтімге мұқтаж азаматтарға қызмет көрсетуді жалғас­тырып жатыр.Бурабай аймағындағы «Қатаркөл» көлінің жағасында орналасқан орталықта, негізінен, зейнеткерлер, со­ғысқа қатысқан ардагерлер және түрлі топтағы мүгедек азаматтар шипажайлық ем-дом алады. Бұл орталықта әкімдік тапсырысына қарай бір кезекте 400-ге жуық адам болуға тиіс болса, қазіргі кездегі COVID-19 жағдайына байланысты жартылай жүктемеде жұмыс істейді екен. Мәселен, шілденің 15-28 аралығында мұнда 200 адам ем-шараларын алды.
– Пандемияға байланысты орталықтың жұмысына біраз өзгерістер енгізілді. Біріншіден, жолдамамен келушілерді бірден бөлмелеріне орналас­тырамыз, содан кейін дәрігер мамандар өздері барып тіркеу, тексеру, емдік шаралар тізбесін белгілейтін болады. Бұл – бұрынғыдай кезекті болдырмау үшін жасалған шара. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға байланысты бірқатар емдік шараларға келушілер үшін ұйымдастырылатын мәдени шараларға шектеулер қойылды. Ал басқадай ем-дом көлемі қысқартылған емес. Маскамен жүруге, арақашықтық сақтау­ға қатаң қараймыз. Көлге түсуге, саяхатқа шығуға рұқсат жоқ. Осының бәрі қауіпсіздік үшін жасалып жатқанына келушілеріміз түсіністікпен қарайды, – дейді орталықтың бас дәрігері Роза Қалиева.
Карантин жағдайы қызмет көрсетушілердің қатарына да әсер еткен екен. Қазір ор­та­лықта 38 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Тағдырдың жазуына қарай, мемлекет тарапынан жеңілдікке ие болған жандарға қызмет көрсетіп жүрген орталықтың бас медбикесі Айман Мырзахметова, психолог Роза Ағыбаева, массажист Жәнібек Нұрмағанбетов, медициналық қызметкерлер Людмила Стаценко, Клара Бегімбаева, Бибігүл Оразалинова және басқалары көп­шіліктің ризашылығына бөленіп жүр.
– Осындай орталықтың жұмысын тоқтатпай, әсіресе, қазіргідей пандемия жағда­йында мұқтаж адамдарға кө­мек көрсетіп жатқанына алғы­сымыз шексіз. Ем-дом шара­лары барынша беріліп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу­лер де жоқ емес, бірақ оның бәрі қауіпсіздік үшін жасалып жатқанын түсінеміз. Ең бастысы, орталыққа келген азаматтардың бәрі осындағы қызмет көрсетуге риза болып жүр, – дейді Ауған соғысына қатысушы, жауынгер-интернационалист Абай Апышев.
Иә, орманы мен көлі көз тартатын табиғат аясындағы «Қатаркөл» оңалту орталығы күтімге мұқтаж мыңдаған астаналықтың еміне шипа, көңіліне медеу болып келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1230227
Пікірлер

Көрші сілтемелер