Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Майдангер туыстарына сертификаттар берілді – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/majdanger-tuystaryna-sertifikattar-berildi/


Майдангер туыстарына сертификаттар берілді – Астана Ақшамы

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери тарих мұражайы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың туыстарына жеке естелік сертификатын табыс етті.

Сертификаттар іздестіру-мұрағаттық жұмыс қорытындысы, мұражайдың іздестіру бөлімшесінің мекенжайына келіп түскен іздестіру бойынша өтініштеріне сәйкес дайындалды. Сертификатта жауынгерлердің алғаш жерленген жерлері дәл көрсетілген.
«Бүгін біз үшін еркін өмірді қорғаған мыңдаған жауынгерлердің батылдығы мен ерлігінің арқасында бейбіт аспан астында өмір сүріп, бәріміздің ортақ Отанымыздың тәуелсіздік жетістіктерінен қуанатын мүмкіндігіміз бар. Фашизм мен жауыздық нацистық идеологияны жеңудегі Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың да қосқан үлесі зор» деп атап өтті идея авторы, Әскери-тарихи мұражайының бастығы, PhD докторы подполковник Нұртаза Әсілов.
Сертификаттарды тапсырудың мақсаты – қазақстандық жауынгерлердің есімдері мәңгілікке сақтау, туыстарының жерленген жері туралы ақпарат алу. Батырлардың жерленген жерлері кең ауқымды, Батыс Еуропадан бастап Ресей Федерациясының Қиыр Шығысына дейін.
Естелік сертификаттары табыстау – іздес­тіру қызметі аясында Қарулы Күштердің Әскери тарихи мұражайымен іске асырылған алғашқы жоба емес. Биылғы ақпан айында құрылған «Ер есімі – ел есінде» атты фотогалерея мен мультимедиялық кешені де қазақ­стандықтардың назарына ие болды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1210651
Пікірлер

Көрші сілтемелер