Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19 туралы ақпаратты әкімдік сайтынан біліңіз – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:30 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/covid-19-turaly-aqparatty-akimdik-sajtynan-bilingiz/


COVID-19 туралы ақпаратты әкімдік сайтынан біліңіз – Астана Ақшамы

Астанада тәулік бойы «қызу желі» жұмыс істейді. Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz парақшасы іске қосылды. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады.

Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз. Сонымен қатар, парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеу­ден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекенжайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар.
Коронавирус бойынша «қызу желі» (тәулік бойы) – 76-80-43; 1406; 109. Жедел жәрдем – 103. Ерікті болу – +7-701-356-22-96; психологиялық қолдау қызметі – 20-10-90, +7-771-996-09-27, +7-702-172-61-39; қан плазмасына донор болу – +7-771-377-91-10 (тіркеу), +7-702-091-18-60 (тіркеу), 54-32-38 (сенім телефоны).
Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз, 57-88-88 нөміріне қоңырау шалыңыз, қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз. 29 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 3788 КВИ жағдайы тіркелді, емделіп шыққандар саны – 2721, ал өлім жағдайы – 61.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1210627
Пікірлер

Көрші сілтемелер