Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Симптомсыз науқастар ­бақылауда болу керек – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/simptomsyz-nauqastar-baqylauda-bolu-kerek/


Симптомсыз науқастар ­бақылауда болу керек – Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов емханалардың бас дәрігерлері мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларымен онлайн-кездесу өткізді.

Әкім осы жүздесуде дәрігерлерге бірқатар міндеттер қойды.
«Біріншіден, пациенттермен кері байланысты күшейту. Әрбір симптомсыз науқасты бақылауда ұстау. Егер симптомдар анықталса, науқас ауруханаға жатқызылады. Дертті симптомсыз тасымалдаушылар өзін-өзі оқшаулауы керек. Сыртқа шығуға болмайды.
Екіншіден, барлық зертханалардың, емханалардың және стационарлардың базаларын бірыңғай базаға біріктіру үшін жұмыс істейміз. Мысалы, науқас­тың ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, дерек ол тіркелген емханаға тікелей түседі. Әрі қарай дәрігер алгоритмге сәйкес науқаспен жұмыс істейді.
Үшіншіден, жедел жәрдем стансалары телеграм-боттың (@ns103bot) сапалы жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол арқылы қала тұрғындары жедел жәрдем шақыра алады, сондай-ақ Call орталықтың жұмысын қамтамасыз етуі маңызды. Ахуал орталығы жұмысын күшейтеді. Науқастар топталып қалмау үшін қызметкерлер КВИ бар науқастарды стационарларға таратады.
Төртіншіден, фармкомпанияларға қысқа мерзімде қаланың дәріханаларына медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу тапсырылды. Өз тарапымыздан қажетті көмек көрсетеміз: логис­тикалық мәселелерді шешіп, дәрі-дәрмектерді сатып алуға жеңілдетілген несиелер беру және т. б.» деді ­А.Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1210622
Пікірлер

Көрші сілтемелер