Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тегін жағажайлар ашылады – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:45 - 2020/06/27

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/tegin-zhaghazhajlar-ashylady/


Тегін жағажайлар ашылады – Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында тегін коммуналдық жағажайлар ашу қолға алынды. Олар Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аумақтарында орналасады.

Комиссия тексерісі бойынша көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтары, 20-сы – тыйым салынған орындар. Аталған орындарда 9 мамырдан бастап 141 тыйым салу белгісі мен 20 ақпараттық стенд орнатылып, 20 қалқыма белгілер қойылды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен волонтерлер бірігіп 155 рейд жүргізді. Суда ережелерді бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала мектептерінің 3 250 оқушысына арнайы алты интерактивті сабақ өткізілді.
Көпшілік суға шомылатын нысандарда күн сайынғы жеке құрамдағы (ТЖД, ДП, МГ, волонтерлер) 80 адамның қатысуымен рейдтік шаралар жалғасын табады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1209079
Пікірлер

Көрші сілтемелер