Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада 50-ден аса көп пәтерлі тұрғын үй жөнделеді – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:30 - 2020/06/27

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/elordada-50-den-asa-kop-paterli-turghyn-uj-zhondeledi/


Елордада 50-ден аса көп пәтерлі тұрғын үй жөнделеді – Астана Ақшамы

«Астана – адалдық алаңы» Алматы ауданындағы үйлерді жөндеу сапасын тексерді. Мониторинг барысында тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды, ақаулар анықталып, мердігер компанияға оларды жою туралы тапсырмалар берілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, Сәтбаев көшесі, 8 және Қажымұқан көшесі, 14/1 мекенжайы бойынша Алматы ауданындағы «Нұрлы жер – 2025» тұрғын-үй коммуналдық дамуының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге текеріс жүргізді.
Елорда әкімдігі «Нұрлы жер – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда анықталған мердігер мекемелер бойынша 20 мамырда басталған құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биыл аталмыш бағдарлама аясында 50-ден аса көп пәтерлі тұрғын үй жөндеу жоспарланған. «Жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қаланың әр ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің мониторингі жасалады» деді қала әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1209078
Пікірлер

Көрші сілтемелер