Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері! – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:00 - 2020/06/27

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qurmetti-buqaralyq-aqparat-quraldary-qyzmetkerleri/


Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері! – Астана Ақшамы

Журналистермен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбегі ерен корректорлар, бетқаттаушылар, дизайнерлер және көптеген теледидар мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Әрбіреуіңіздің қаланың қоғамдық-саяси және әлеу­меттік-экономикалық өмірін көрсетуге қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Қала тіршілігіндегі жаңалықтарды тұрғындарға жеткізуге қосқан үлестеріңіз ерен. Айқын азаматтық көзқарас, ұдайы ізденіс, міне, осындай қасиеттер cізді өзге мамандық иелерінен даралап тұрады. Төтенше жағдай және карантин режимі кезінде коронавирус инфекциясының қаупін жұртшылыққа түсіндіруде сіздер ерекше кәсібилік таныта білдіңіздер. Сенімділік, өзектілік, тиімділік, сараптау және бағалау – бұл ең жақсы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының критерийлері. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елорда тұрғындары маңызды оқиғалар туралы әрдайым хабардар болды. Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін!

Алтай КӨЛГІНОВ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1209074
Пікірлер

Көрші сілтемелер