Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дертке қарсы дәрменсіз емес едік… – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2020/06/27

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/dertke-qarsy-darmensiz-emes-edik/


Дертке қарсы дәрменсіз емес едік… – Астана Ақшамы

Елордада соңғы аптада коронавирус жұқтырған науқастардың көлемі 3 есеге өсті. Күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауруханаға 350-400 адам түседі. Биылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша елордада инфекция жұқтырғандар саны 3546 адамға жетті. Соңғы жеті күнде тәулігіне орташа есеппен коронавирус инфекциясының 150 жаңа оқиғасы тіркелуде. Оның ішінде 50 пайызы – симптомсыз жағдайда. 2577 адам немесе ауырғандардың 73 пайызы емделіп шықты. Өкінішке қарай, 38 адам осы аурудан көз жұмды.

Ауруханаларда орын жоқ, орын болса қарайтын дәрігер жетіспейді. Жедел жәрдем шақырсақ неге келмейді? Дәріханалардан отыз теңгенің парацетамол, аспирині табылмай қалды. Қауіпті дерт жұқпағанмен, пневмониядан қиналған көптің осындай жан айқайынан әлеуметтік желі жарылуға шақ тұр. Халықтың көкейіндегі көп сауалдың бастылары – осылар. Бұған дейін бәрін бақылауда ұстап келіп, енді қазір науқастар саны артқанда біз расымен осылай дәрменсіз күйге түсе бастадық па? Мемлекет басшысынан бастап медицина ұйымдарының жетекшілеріне дейін БАҚ және әлеуметтік желі беттерінде осының бәріне жауаптар беруде.
– Індетпен күресте Үкімет ахуалды бақылаудан шығарып алды ма?
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті, «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан:
– Қазір «біз осы індетпен күресте жеңіліп жатырмыз немесе Үкімет ахуалды бақылаудан шығарып алды» деуге болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқпалы ауруларға арналған үш аурухана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек-жарақпен жабдықталды. Науқастарды емдеуге дәрігерлеріміздің біліктілігі жетеді. Қазір ақ халатты абзал жандар күндіз-түні осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінді.

– Коронавирустың нақты негізгі белгілері қандай?

Жанар УРАЗАЛИНА, жоғары дәрежелі дәрігер, терапевт-пульмонолог, медицина ғылымдарының кандидаты:
– Қауіпті инфекцияның негізгі белгілері – қалтырау, шаршау, әлсіреу, бұлшық еттердің сырқырауы, тамақтың, бастың, кеуде тұсының ауырсынуы, диспепсиялық бұзылулар. Соған қоса, іштің ауырсынуы, дәм мен иіс сезудің жоғалуы да негізгі белгілерге жатады. Дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел және демікпе пайда болады.
– Коронавирус белгісіне ұқсайтын аурулары бар, орнынан қозғала алмайтын науқастардың шақыртуына жедел жәрдем неге келмейді? Кімге шағымдану керек?

Сәуле ҚИСЫҚОВА, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Ондай шағымдар түскені рас. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жедел медициналық көмек базасында дереу талдау жасап, кеңес беретін байланыс орталығы құрылды. Мұнда күніне шамамен 500 өтінім қаралады. Оған қоса, қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы ашылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаладағы iKOMEK ақпараттық орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымшалар бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшаларына түседі.
– Жедел көмек бригадасының көмек көрсету алгоритмі қандай?
Бауыржан ЖҮСІПОВ, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы:
– Жедел көмек бригадасы бірінші кезекте науқастың ентігіп, тыныс алуы қиындап, дене қызуы көтеріліп тұрғанын есепке алады. Науқастан қауіпті факторлар анықталмаса, оны үйінде қалдырады. Әрі қарай емхананың учаскелік дәрігерінің қадағалауына жібереді. Егер пациенттен дерттің ауыр немесе орташа ауыр белгілері анықталса немесе қауіпті фактор болса, яғни жасы 60-тан асқан, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары сияқты аурулар болған кезде одан әрі емдеу үшін стационарға жеткізіледі.
– Дәріханаларда неге дәрілер тапшы?
Гүлнарай АЛМУРЗИНА, «Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» ЗТБ директоры:
– Расында, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар: азитромицин антибиотиктерін сатып алуда. Біз талдау жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер бұрынғыдай дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі. Дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аудартамын, атап айтқанда: панадол, эффералган, ибупрофен, ибуфен, МИГ, новиган сияқты дәрілер қазір дәріханаларда бар.
Бақтияр МӘКЕН, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары,
Дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде:
– Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отыр. Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

– Парацетамол қашан сатыла бастайды?

Арнұр НҰРТАЕВ, Дәрі-дәрмектер сараптамасы ұлттық орталығының бас директоры:
– Шамамен 2 миллионға жуық парацетамол саудаға шыққанға дейін тексеруден өткізіледі. Оның баламасы өте көп, тіпті 80-нен астам модификациясы бар. Қазақстанға түрлі өндірушілерден 1,5 млн қаптама азитромицинді сатылым үшін әкелуге рұқсат етілді. Жақын күндері парацетамол мен азитромициннің көп мөлшері жеткізіліп, аталған дәрілер тапшылығы болмайды. Ескерте кетейін, вирусты пневмонияға қарсы бұл антибиотиктер еш көмектеспейді. Сондықтан бірден оларды сатып алуға дәріханаға жүгірудің қажеті жоқ.

Жедел жәрдемге жүктеме көп

Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметіне аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келеді. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 4,5 мыңға дейін жетті. Қызмет көрсетілген шақырулардың саны 18 мыңға жуықтаған. Соның ішінде аптасына коронавирус жұқпасына байланысты 4438 қоңырау шалынған. Тұрғындар арасында «жедел жәрдем шақыртуымызға келмейді» деген шағымның көбеюі де сол себептен. Осыған орай, инфекция жұқтырып алған елге танымал тұлғалар да жедел жәрдем қызметіне қатысты басынан кешкен жайларымен әлеуметтік желілерде бөлісуде.
Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Балапан» телеарнасының директоры:
– Температураңыз түспей, кеудеңіз ашып, көкірегіңіз ауырып, орныңыздан тұрғанда қара терге түссеңіз, ауа жетпей алқынсаңыз, жедел жәрдем шақырыңыз. Бірақ жедел жәрдем симптомдарыңыз бойынша сізді кезекке қояды. Жоғарыда аталған симптомдар қатар келсе, алдыңғы кезекте сізге жету мүмкін. Бұл жерде жасыңыз, қауіпті категорияға кіру-кірмеуіңіз де ескеріледі. Жылдам келмей жатса, жағдайды түсінуіңіз керек. Демек, сізден де қауіпті жағдайдағы адамдар бар. Жедел жәрдем операторымен сөйлесіп, жағдайыңыз қиындағанын ескертіңіз. Ол жәрдемнің тезірек жетуін координациялауы мүмкін. Біз 3 рет жедел жәрдемге жүгіндік. Жағдайымыз күте алатындай болған соң күтушілердің қатарында болдық.
Махаббат БЕКБОСЫНОВА, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазір жедел медициналық қызметке қаншалықты күш түсіп жатқанын білесіздер. Оларға болмашы ғана симптомдары бар пациенттер өте көп хабарласады. Бұл шын мәнінде көмекке аса зәру науқастарға жедел қызмет көрсетуге қолбайлау болуда. БМСК деңгейіндегі амбулаторлық қызмет негізінде кезекші бригадалар жасақтау туралы ұсыныс айтқан едік, олар сол симптомдары жеңіл пациенттермен жұмыс істеп, телефон арқылы кеңес береді. Ал жедел жәрдем қызметі бірінші кезекте ең ауыр санаттағы науқастармен жұмыс істеуі керек. Қабылданған шаралар елдегі ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп санаймын. Күн сайын симптомсыз және жеңіл түріне жататын науқастардың статистикасын жүргізіп отырмыз. Шамамен елімізде 15 мыңдай адам ауру белгілері жоқ және 2 мыңдай адам – дерттің жеңіл түріне жататын науқастар. Елордада жақында қосымша 32 жедел медициналық жәрдем бригадасы құрылып, қазір барлығы 150 жедел жәрдем бригадасы қала халқына қызмет көрсетуде.

Төсек орын табылар,  дәрігер жетпей қалса қайтеміз?

Күн сайын пневмониямен ауыратын науқастардың саны артып отыр. Қалада бір апта ішінде пневмониямен шағымдану саны 8,5 есеге артты. Пандемияға дейін күніне пневмониямен 80 науқас шағымданып келетін болса, қазір ол 600 жағдайға дейін өскен. Осының бәрі ауруханаларда орын тапшылығын тудыруда. Сондықтан төсек орын саны ұлғайтылып жатыр. 12 маусымнан бастап жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек орны саны Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек орны қорын қайта құруға байланысты 1351 орынға ұлғайтылып, тек соңғы үш күнде қосымша 830 төсек берілді. Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайын болады. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен күресуге 3135 төсек орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы қоса жұмылдырылып жатыр. Ауруханаларда жұмыс жүктемесі артып, 79 пайызды құрап отыр. Сондықтан Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова халыққа бейнеүндеу жолдап, ел азаматтарының бүгінгі жағдайда өз денсаулығын күтуге, қауіпті дерттен сақтануға қатысты көзқарасын дұрыстауға шақырды.
– Мейлі ауру жұқтырғандарға арнап жаңа стационарлар ашыла берсін, төсек орындар көбейтілсін. Оны шексіз арттыра беруге болатын шығар. Бірақ сол нысандарда науқастарды емдейтін медицина мамандарын жеткізе алмай қалуымыз мүмкін. Себебі өздеріңіз білесіздер, дәрігер мамандарын дайындауға көп уақыт кетеді. Сондықтан кадр тапшылығына қатысты олқылықтың орнын толтыру оңайға түспейді. Осыны ескере келе, науқастар санын одан әрі көбейтіп алмас үшін әрбір азаматтың өз денсаулығына, айналасындағы жақындарының өміріне бей-жай қарамауын сұраймын, – деді басқарма басшысы.

Жоспарлы қабылдау  онлайн форматқа  көшті

Ауру саны артып, жүктеме көбейген сайын мемлекет өз тарапынан барлық денсаулық сақтау саласындағы ресурстарын осы дертпен күреске жұмылдыруға көшті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай ескеріле келе, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылды. Олар енді тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды.
Жоспарлы консультациялық көмек онлайн форматта көрсетіледі. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі. Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1209065
Пікірлер

Көрші сілтемелер