Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алтын бұйымдар табылды – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:00 - 2020/06/27

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/altyn-bujymdar-tabyldy/


Алтын бұйымдар табылды – Астана Ақшамы

Торғай даласынан сақ дәуіріне жататын «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды. Археологтар мұндай көне жәдігер бұл өлкеде алғаш рет кездесіп отырғанын айтады. Яғни аймақтың тарихы үш

ін «Алтын адам» табылғанмен бірдей.

Қараторғай ауылының ір

гесіндегі жазық пен тау сілемдері түйіскен тұс көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқ

сайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Қазба жұмыстары 2017 жылы басталыпты. Содан бері төрт оба зерттелген. Алайда тарих үшін аса бағалы қазына соңғысынан табылды. Археологтар бұл қорымға сақ бекзадаларының бірі жерленген деп есептейді.
Тек әшекейлер ғана емес, киімдерінің өзі өте ұсақ алтын моншақтармен безендірілген. Бұйымдардың жасалуы да өте күрделі. Бұл сақ зергерлерінің шеберлігін, алтынды өндіру мен өңдеуді қаншалықты терең меңгергендігін көрсетеді. Ең бастысы, әр зат өлкенің көне замандағы тарихынан құнды деректер жеткізіп тұр.
Қорғаннан табылған жәдігерлер алдымен хатталып, кейін мұражайларға тапсырылады. Ал қазба жұмыстары жүргізілген жердің өзін туризм нысанына айналдыру жоспарда бар. Алайда көне қорым күре жолдан жырақта жатыр. Сондықтан бұл жос­парды қалай, қайтіп жүзеге асыруға болатыны әзір беймәлім.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1209063
Пікірлер

Көрші сілтемелер