Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Астана күнінде «Абайды» тыңдаңыз – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:30 - 2020/06/25

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/astana-kuninde-abajdy-tyngdangyz/


Астана күнінде «Абайды» тыңдаңыз – Астана Ақшамы

Елорда күнінде «Астана Опера» театры жұртшылыққа тамаша сый ұсынып отыр. Бірегей өнер ордасы өз сайтынан және TengriTV-ден ұлттық классиканың жауһарына айналған, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын онлайн ұсынады.

Айтулы шығармадағы басты партияны Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Талантты өнерпаздың айтуынша, елге көрсетілім үшін «Абай» операсы бекер таңдалмаған.
– Бұл тұғырлы туындының «Астана Опера» үшін орны бөлек. Осы қойылым үшін театр Мемлекеттік сыйлықты иеленді. Аңызға айналған опера тек біздің ғана емес, өзге де еліміздегі опера театрларының мақтанышына айналған. Биыл Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Сондықтан астана күнінде шоқтығы биік шығарманың көрсетілуі айрықша мәні бар деп ойлаймын, – деген Талғат Мұсабаев сөзін одан әрі жалғап: – Абайдың партиясы – қазақ операсы репертуарындағы баритонға арнап жазылған ең көрнектісі. Өзім осы рөлді орындағанды ұнатамын. Мен үшін де Абай – ұлы ойшыл, ақын, философ. Адам бойындағы асыл дүниенің барлығы осы ұлы тұлғаның мінезінен көрініс тапқан деймін. Партияны орындау оңай емес. Себебі орындаушыға үлкен жауапкершілік жүктелген. Ақын бейнесінің барлық қыры мен тереңдігін аша білу қажет. Музыкалық жағынан да ерекшелігі бар. Өйткені партия лирикалық баритон үшін емес, өте «мықты» баритон дауысқа арналған. Оны мінсіз орындау үшін драматургия мен музыка үйлесе білуі қажет, – дейді опера әншісі.
Дарынды азамат өз сөзінде бас шаһардың туған күніне орай ізгі лебізін де білдіріп өтті. «Мен елордаға 2007 жылы Елбасының астананың мәдениетін дамыту үшін «Шығармашыл жастарды тарту» бағдарламасымен келдім. Содан бері Нұр-Сұлтан менің туған қалама айналды, дәл осы жерде балаларым өмірге келіп, өсіп-өніп жатырмыз. Бас қалада өз өнеріңді дамытуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Бастысы, шығармашылыққа арналған кеңістік бар. Түрлі концерт залдары салынып, театрлар бой көтеруде. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтаймын!» дейді Талғат Мұсабаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1207597
Пікірлер

Көрші сілтемелер