Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Фото-шежіре – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:45 - 2020/06/25

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/foto-shezhire/


Фото-шежіре – Астана Ақшамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатқа байланысты тұрақты тіркестер

Таң атады.
Күн шығады.
Ай, жұлдыз туады.
Ай толысады.
Күн, ай батады.
Жұлдыз сөнеді.
Күн құлақтанады.
Ай қораланады.
Күн күлімдейді.
Жұлдыз жымыңдайды.
Бұлт қаптайды, көшеді.
Найзағай ойнайды.
Тұман түседі.
Сел, сең, су жүреді.
Жаңбыр, бұршақ жауады.
Қақ тұрады.
Қар жатады.
Шық түседі.
Жер көктейді.
Тау мұнартады.
Боран соғады, басылады.
Борасын жүреді, тынады.
Жел еседі, тұрады, тынады.
Сұйық (су) сарқылады.
Шөп (азық) таусылады.
Жұмыс бітеді.
Науқан аяқталады.
Қар, су молаяды.
Ағаш өседі.
Шөп шығады.
Өсімдік көктейді.
Тұқымды себеді.
Ағашты отырғызады.
Егінді егеді.
Шөпті шабады.
Арамшөпті отайды.
Сабанды жинайды.
Шиді тартады.

(Этнограф-жазушы,
сатирик Сейіт
КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ мұрасынан)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1207586
Пікірлер

Көрші сілтемелер