Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171150368439 %61 %

Полиция: Жаңғыру мен өзгеру процесі – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:00 - 2019/11/09


Полиция: Жаңғыру мен өзгеру процесі – Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау жүйесін толық реформалауды аса маңызды міндет деп атап көрсетті. «Ең алдымен 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн» деп алдымызға нақты міндет қойды.«Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішін­де 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады» деген болатын Президент Жолдауында. Бүгінде 174 фронт-офис жұмыс істейді. Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев өзінен кейінгі басшылардың бәріне ашық болуды тапсырды. Полиция қызметінің тиімділігін бағалау құқықтық статистикаға және әлеуметтік зерттеулерге негізделген сапалық аса маңызды сандық өлшемдер бойынша жүргізілмек. Бұл – құқық қорғау органдарына қойылған міндеттерді тиімді орындауға бағдар беретін және статистикалық көрсеткіштерге байланысты тәуекелдерді азайтатын неғұрлым теңдестірілген бағалау жүйесі.
Ұйымдастыру-штаттық құ­ры­­лымын оңтайландыру бағытында ведомствоаралық жұмыс тобы Президент Әкімшілігінің басшылығымен ІІМ және оның ведомстволарының функцияларына талдау жүргізе отырып, 106 құрылымдық бөлімше және 1180 басшы лауазымы, жол полициясы институты мен 20 «Шеп» стационарлық бекеті таратылды. Полицияның штаттық саны 11 пайыз­ға, қылмыстық-атқару жүйесі 10 пайызға қысқарды. Полицейлер саны бойынша орташа еуропалық деңгейге қол жеткізілді. Штаттарды оңтайландыруға байланысты үнемделген қаражат патрульдік полиция қызметкерлеріне 65 пайызға, жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне 55 пайызға, полицияның учаскелік инспекторларына 25 пайызға және оқытушыларға 20 пайызға, ҚАЖ қызметтерінің қызметкерлеріне 20 пайызға сараланған еңбекақыны көтеруге бағытталмақ. Бұған дейін тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы алу құқығына жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері ғана ие болып келсе, қазіргі уақытта тізімге полиция­ның, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция қызметкерлері мен олардың басшылары енгізілген, тұрғын үй төлемдерінің тетігін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді.
«Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады» деген Президент сөзіне ден қоямыз. Реформа игілікке, нақты нәтижеге қызмет етуі тиіс. Бұл орайда ішкі істер саласында ведомстволық білім беруді жаңғыр­ту бойынша оқу орындарының жүйесі оңтайландырылды. ІІО мамандандырылған курс­тарында дайындықтан өту үшін ЖОО түлектері шақырылатын болады. Осы мақсатта еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Криминалистер мен тергеушілер үшін 6 айлық, қалғандарына 3 айлық курстар қарастырылған. Жаңадан полиция тактикасы, патрульдік полиция қызметін ұйымдастыру, қызметкерлердің психологиялық дайындығы, инфокоммуникациялық технологиялар, нейролингвистикалық бағдарламалау және коммуникативтік дағдылар, киберқылмыспен күрестің жедел-тактикалық ерекшеліктері, т. б. курстар енгізілді.

Қайрат ЖАХИН,
ІІМ Кадр саясаты департаменті
басқарма бастығының орынбасары

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1069732
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 11 min
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ТА 14 min
Рамазан айында өткізілг 1 sagt
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
Елорданың сусыз қалған 1 sagt
Алматыда жүргізуші куәл 1 sagt
Асқазанның жедел қабын 1 sagt
Азан дауысы туралы шу — 2 sagt
Время - это иллюзия 2 sagt
А.Лукашенко 2020 жылы п 2 sagt
Франциядағы «Сары жейде 2 sagt
Маңғыстауда мас жүргізу 2 sagt
Бангладеште газ құбыры 2 sagt
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ 2 sagt
Калифорния штатында аты 2 sagt
Елордада «True or False 2 sagt
Алматыдан 327 шақырым а 2 sagt
Шымбұлақта шаңғы маусым 3 sagt
БҚО-да автокөлік аудары 3 sagt
Елорда полицейлері бейн 3 sagt
Пневмонияның алдын алу 3 sagt
Ақмола облысында ауылға 3 sagt
Ақтөбе облысында ауыл ш 3 sagt
Шаруаларға берілген арн 3 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Подагра жайлы білесіз 4 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 4 sagt
СҚО-да медициналық көме 4 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 4 sagt