Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14888263347 %53 %

Ашық қоғамға қадам – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:45 - 2019/11/09


Ашық қоғамға қадам – Астана Ақшамы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің даму тарихының жаңа сапалы кезеңіне қадам басқанын білдіреді.Жолдауда халқымызды тол­ған­дыратын басты мәселелер айқындалып, татулық пен тұ­рақ­­тылықтың негізін қоғамдық келісімнен іздеу тапсырылды. Жүз отыздан асатын этнос өкілдерінің басын қосқан біздің елде осы күнге дейін қоғамның тұрақты болуы бұрынғы ТМД елдерінде болып жатқан ұлт­аралық және дінаралық келеңсіз оқиғалардың болмауы бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі десек те, оның негізін мемлекет құрушы қазақ ұлтының ел бірлігін сақтауға деген зор құлшынысының арқасында екенін баса айту қажет. Кей жағдайда қоғамдық өмірде ұлттық мүддемізге зия­ны тиіп жатқан оқиғалар болса да, қазақ ұлты өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып келеді, басқа этникалық топтардың мүддесіне зиян тимеу жағын қарастыруда. Ширек ғасыр бойы өзіміздің ұлттық мүддені ойлаудан гөрі оны екінші қатарға ысырып, басқа халықтың жағдайын ойладық, ұлтшыл болудан ұялдық, тайсақтадық.
Біз сияқты кеңес идеология­сының шырмауында болған басқа елдер, тіпті өзімізбен туыстас көрші елдер мемлекеттік тілінің беделін өз дәрежесіне жеткізгелі қашан. Осындай жағдайда тәуелсіздігіміз берік қалана бастады деген уақытта ана тіліміздің бейшаралық күйі ұлтжанды азаматтардың шыдамын тауыса бастады. Кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген тапсырмасы неге толық орындалмай қалды деген сұрақ та көкейімізден кетпейді. Себебі өмірдің өзі көрсеткендей, Елбасының ауызша айтқан сөзінің өзі де толық орындалуы үшін арнаулы заң шығарудың қажет екендігі дәлелденуде. Бұдан отыз жыл бұрын қабылданған «Тіл туралы» заңның солқылдақ, екіұшты баптары бүгінгі мемлекеттік тіліміздің ресми тіл көлеңкесінде қалып қоюына әкелгенін бүкіл жұртшылық мойындап отыр.
Биылғы Президент Жолдауының ерекшелігі тәуелсіз елімізді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы сабақтастығын жалғас­тыра отырып, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретінде рөлін бекемдеу мәселесі күн тәртібіне нақты қойылды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген Президентіміздің сөзі ұлт­жанды азаматтардың еңсесін қайтадан көтеріп тастады. Бұл жолғы Жолдауда айтылған мемлекеттік тіл туралы тапсырма өз күшіне еніп, орындалатынына толық сеніміміз бар. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен құрылған жаңа құрылым – Қоғамдық ұлттық кеңес Тіл туралы заң бойынша мәселені күн тәртібіне қойып талқылау өткізді. Қоғамдық пікір еленіп, ашық қоғамдық диалогқа еркіндік бергенін біз Президенттен бастап барлық мемлекеттік қызметшілердің заманауи байланыс құралы электрондық интернет жүйесімен қоғамның барлық топтарымен ашық сөйлесе бастауы, соның нәтижесінде халықтың мұң-мұқтажының ескерілуі – ашық қоғам орнатуға бағытталған қадамның дәлелі. Мемлекеттік қызметкерлердің таза мемлекеттік тілде сөйлеуі және құжат толтыруы, олардың халықпен кездесуінде тек мемлекеттік тілде жүргізілу талаптары жаңа қабылданатын Тіл туралы заңда орын табатыны күмән келтірмеуге тиіс.

Қажымұрат НӘСИЕВ,
мұғалім, еңбек ардагері

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1069728
Пікірлер

Көрші сілтемелер