Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134495800958 %42 %

Жиырма жылдық би ғұмыр – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2019/11/07


Жиырма жылдық би ғұмыр – Астана Ақшамы

«Наз» мемлекеттік би театрының «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтой концерті өтті.Арқаға астана көшіп келгенде іргесі қаланған өнер ордасының бүгінде жеткен жетістігін ауыз толтырып айтуға болады. Қазір ол – еліміздегі алғашқы кәсіби би театры. «Наз» деген сөздің өзі нәзік­тікті, сұлулықты білдіреді.
Театрдың қалыптасуына мәдениет қайраткері Еркебұлан ­Ағымбаев пен ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Ағымбаева көп еңбек сіңірді. «Назбен» бірге халқымыздың би өнері де жаңа белеске көтерілді. Өнерпаздар ұлттық бояуы мол шығармаларды ғана емес, өзге халықтардың дәстүрлі биле­рін де керемет орындайды. Өнер ордасы алғашқы күннен бастап, қазірге дейін репертуардағы әрбір биге ұлттық өрнек, халқымызға тән салт-дәстүрді енгізуге мән берген. Айталық, «Серпін», «Көңілашар», «Желдірме», «Сарбаздар» билерінен осыны көресіз.
2005 жылы «Наз» елімізде алғаш­қы болып хореография тілі­мен «Тұйғындар» атты би спектаклін қойды. Жұртшылық оны жылы қабылдады. Одан кейін халқымыз­дың ардақты перзенті, дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиев туралы «Нұрғиса» би қойылымын сахналады. Сондай-ақ шығыс ертегілер желісімен «1001 түн» қойылымы және «У-сана» хореографиялық спектаклі көрерменге жол тартты. Биыл тарихта өз орны бар қолбасшы «Шыңғысхан» қойылымының премьерасы өтті.
Мерейтой концертінің ашы­луында Мәдениет және спорт вице-­министрі Нұрғиса Дәуешов театр ұжымын жиырма жылды­ғымен құттықтап, өнерпаздарға ізгі лебізін білдірді. Одан кейін кеш би қойылымдарына ұлас­ты. Жоғарыда айтып өткен спектакльдерден үзінділер көрсетілді. Өзге халықтардың да билері орындалды. Домбыра күмбірлеп, әуезді ән айтылды. Сонымен бірге театр мерейтойына орай «Би – сезімнің падишасы» атты республикалық жыр мүшәйрасы жарияланған еді. Кеш аясында соның жеңімпаздары марапатталды. Бұл жыр бәйгесінің бас жүлдесін ақын Азамат Мәлжанбай иеленді.
Қорыта келгенде, қазақ өнерінің шаңырағына бір уық болып қадалған «Наз» театрының жиырма жылдық асуы ел көңілінен шықты деп нық айтамыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1068815
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хайуанды қамшымен ғана 6 min
Текелідегі мектепте қай 6 min
Рамазан қарсаңындағы мұ 6 min
Қазақстанның агроөнеркә 6 min
Қостанай облысындағы 30 16 min
Бағдат Манзоровтың ісін 16 min
СҚО полицейлері із-түзс 23 min
Алматы тауында жоғалған 26 min
Қайғы-қасiреттi бастан 26 min
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 26 min
«Хабар 24» арнасының ті 26 min
Тоқаев «CNPC» корпораци 26 min
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 1 sagt
Қазақстандық медициналы 1 sagt
ҚР Президенті «CNPC» ба 1 sagt
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТ 1 sagt
«Арманыңнан қалма»: Ерж 1 sagt
«ҚазАгро» холдингінің т 1 sagt
Ақтауда жаңажылдық шырш 1 sagt
Назарбаев әл-Фараби аты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
14 қарашада Нұр-Сұлтан 1 sagt