Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Ұлытаудай ерекше,  дара тұлғаң – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 11:30 - 2019/10/08


Ұлытаудай ерекше,  дара тұлғаң – Астана Ақшамы

 

Пейлі ме ең қазақтың тазартылған,
Даласы ма ең шексіз ғып жаратылған?
Шалқып аққан Еділдей білім-теңіз,
Ұлытаудай ерекше  дара тұлғаң!

Адастырмас бір даңғыл салдыңыз да,
Жатыр міне жол болып алдымызда.
Қазақ елі риза, Алла берген,
Айсәуле мен Маңғыстау жалғызына.

Тағдыр бізді жүргенде тарықтырып,
Жіберіп ед өзіңменен қарық қылып.
Уа, Әбеке! Айналдың әулиеге,
Данышпандық құрсағын жарып шығып.

Өмір сүрдің үлгілі, мағыналы,
Туған өлкең сарғая сағынады.
Үлгі болдың ұрпаққа, заманыңа,
Маржан ойдан ел алқа тағынады.

Ұмтылдырдың қамшылап шабандарды,
Қақпайладың қақалмас қабандарды.
Шешен сөзді, кемеңгер тұлғалысың,
Ыңғайыңа көндірдің заманды да.

Бұл Маңғыстау туғызды елдің пірін
Өзің болсаң таныттың ердің дүрін.
Әр сөзіңді хадистей ардақтайды,
Іс-қимылдан көрмедік жалған бірін.

Сен ерекше сыр сандық қазыналы,
Жүрекке бал әр сөзің тамызады.
Ел қамы деп өткізген әр түніңе,
Жетпіс күннің сауабы жазылады.

Әбеке деп ұл-қызың ұрандатып,
Таңдай қағып бұлбұл да тұр әндетіп!
Жырлай бергім келеді бір өзіңді,
Жүрегімде барады бір ән кетіп!

Дос-дұшпанды, Әбеке, бағындырдың,
Шуағына шомылдың  сағым-нұрдың!
Әбіш аға ұлы деп  ұрпақ өсті,
Сен тірілей сезіндің бағын Пірдің!

Келмейді ғой  қоштасқым  өзіңменен,
Бара жатыр жан қинап сезім деген.
Кетсем бе екен жан досым сені іздеп,
Бөле аларлық иманды сезімменен.

Сөйлемеуші ең шығындап сөзді бекер…
Бұ тірліктен ерте-кеш бәрі де өтер…
Сексен деген немене, ұлыларға,
Енді саған мың жылдар аздық етер…

Сайын НАЗАРБЕКҰЛЫ
Қазан, 2019  ж.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1057042
Пікірлер

Көрші сілтемелер