Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19729232038 %62 %

Тұрғын үймен қамту – тұрмыстық қажеттілік – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:45 - 2019/10/08


Тұрғын үймен қамту – тұрмыстық қажеттілік – Астана Ақшамы

Үйі бардың күйі бар. Бұл мәселе әлемнің қай түкпірінде де қашаннан өткір күйде тұр. Дегенмен оны шешу бағытында әр алуан мемлекет пен қалаларда әр қилы әрекеттер жасалып жатыр.

Біздің еліміздің бас қаласында да талай жылдардан бері бұл проблеманы шешудің жолдары қарастырылып келеді. Дәл қазіргі таңда тұрғын үй қоры елордалықтар үшін қолжетімді тұрғын үйдің үш түрлі бағдарламасын ұсынып отыр. Олар «Бақытты отбасы», «Нұрлы Ертіс» және «Еңбек» деп аталады. Қатысушылар «Тұрғынүйжинақбанкінен» 2 пайыздық өсіммен 20 жылдық мерзімге тұрғын үй займдарын ала алады. Кредиттің ең жоғарғы шегі 15 млн теңгені құрайды. Бүгінде мыңнан астам көпбалалы әулет «Бақытты отбасы» қолжетімді тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін тапсырыс беріп қойыпты. Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, толық емес және мүгедек балалары бар не соларды тәрбиесіне алған отбасылар қатысады. Міндетті шарттардың қатарына сондай-ақ жоғарыдағы категориялардың бірі бойынша тұрғын үй алу кезегіне тұрғандар да жатады. Бұған қоса, отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері 42500 теңгеден аспауы тиіс.
Әлбетте, Есіл жағасындағы қаладан жай алуға ықыласты және тұрғын үй қоры ұсынып отырған шарттардың шеңберінен шыға алатын отбасылар үшін мұның бәрі үлкен демеу мен қолдау болып табылады. Ал әлемнің өзге елдерінде бұл өзекті мәселе қалай шешіліп жатыр, енді соған келейік. Бұл ретте біз Еуропаның бірнеше мемлекетіндегі жағдайды жан-жақты зерттеп көрген едік.
Әуелгі әңгімені Ресейдің астанасы – Мәскеуден бастайық. Кремльді қалада мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасының бірнеше нұсқасы жұмыс істейді. Олардың біріншісі – Мәскеу тұрғын үй қорынан жалға келісімшарт бойынша тұрғынжай ұсыну. Мұнда жалға кететін шығынның орнын толтыру жөніндегі компенсацияны 2005 жылғы 1 наурызға дейін тұрғын үй жағдайын түзетуге мұқтаждар есебіне кіргендер пайдалана алады. Оның көлемі Мәскеу мен Мәскеу облысында тиісті адам санына қарай жалданатын пәтерлердің орташа бағасының 50 пайызын құрайды.
Азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз етудің келесі жолы олардың тұрғын үй сатып алулары немесе оның құрылысын жүргізулері үшін субсидия бөлу арқылы жасалады. Оның да отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленген мөлшерлі көлемі бар. Ал кәмелетке толмаған үш және одан да көпбалалары бар отбасыларға бір тұрғын үйдің нормативті құны көлемінде субсидия берілуі мүмкін.
Үй алудың бір жолы ретінде тұрғын үйді сатып алу бағасын бөліп төлеу арқылы жекеменшігіне сатып алу да қарастырылған. Ол 10 жылға сату және сатып алу жөнінде келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асады. Оған қатысушы бірінші жолғы төлемде тұрғын үй баспанасының 20-60 пайызы аралығындағы сатып алу құнын төлейді. Қатысушының отбасында екі бала болған жағдайда бірінші жолғы ақы төлемінің көлемі 15 пайызға, үш және одан да көп бала болған жағдайда 10 пайызға дейін төмендетіледі. Тұрғын үй баспанасының әр шаршы метрінің сатып алу құны мен бөліп төлеу пайызының көлемі Мәскеу қаласының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік ипотека деген тағы бар. Ол бойынша қаланың балансындағы тұрғын үйлер кезекте тұрғандарға жеңілдетілген бағамен сатылады. Баға нақты үйдің құрылысына, сондай-ақ азаматтардың кезекте тұрған жылдарына байланысты анықталады. Кезекте тұрғандар ипотекалық кредит алу мақсатында кез келген банкке өтініш білдіре алады.
Ал жақында ғана Ресей астанасында сатып алу қабілетттері төмен тұрғындарға аумағы 12-15 шаршы метр ғана болатын микропәтерлерді сату үдерісі басталды. Бірнеше жылдан бері жасалған бұл бағдарлама микропәтер атанған тұрғын үйлер кешенін қазіргі экономикалық қиын жағдайда сатуды жеңілдетуді көздейді. Қазір оның картасына кіретін үйлер саны біртіндеп көбейіп келеді.
Соңғы отыз жылдан бергі уақытта жүргізілген жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде Финляндияның астанасы – Хельсинки қаласында бүгінде үйсіз жүргендер жоқ есепті. Сонау 80-жылдардың басында мұнда 18 мың адам баспанасыздар есебінде тұрған екен. Осы кезде олардың саны мың адамнан аспайды. Бұлардың өздері де көшеде тұрып жатқан жоқ. Олардың кейбірі еңбекпен түзеу не медицина мекемелерінде жүрсе, тағы біреулері пансионаттарда, туыстары мен достары үйлерінде тұрып жатыр.
Финляндияда 2008 жылдан бастап үйсіздер қатарын азайту мақсатында Housing First («Алдымен – тұрғынжай») деп аталатын бағдарлама іске қосылыпты. Оның мәні ақысының көп бөлігін мемлекет көтеруі арқылы кез келген үйсіз азаматтың арзан тұрғын үйге қол жеткізуіне бағытталады. Бүгінде осы бағдарламаға сәйкес, елде іс жүзінде үйсіз жүргендер қалмаған. Ал бұл бағдарламаның сырт жақтарда да жоғары баға алып жатқаны сондай, оны үш елдің үкіметі қолдап үлгерді.
Үйлер «арзан» бағаға берілгенімен, сапасы өте жоғары. Үйсіздер орналасатын сондай «Вейнола» деген кешені Финляндияның қауырт дамып келе жатқан Эспоо қаласында орналасқан. «Мұнда бәрі де өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға арналған, – дейді тұрғын үй кешенінің директоры Пилви Коул. – Асүй толық жабдықталған. Ванна бөлмесі барынша үлкен, ол сондай-ақ мүгедек адамдардың пайдалануларына лайықтанып жасалған. Жатын бөлмесінен бөлек, балконы тағы бар. Едені астынан жылытылады». Жазда бұл үйлер тұрғындарына балық аулау үшін қайық беріледі. Әдетте, мұндай пәтерлер небәрі 480 еуро тұрады. Бірақ үйсіз кісі жұмыссыздығы үшін жәрдемақы алатын болса, ол бар болғаны 100 еуро ғана төлейді. Қалған соманы мемлекеттің тұрғын үйге берілетін дотациясы жабады.
Бұрынғы үйсіз азамат Мигель Рохас үшінші жыл «Вейнолада» тұрып жатыр. Бір кездері ол Финляндияға музыкант ретінде келген екен. Бірақ өзінің айтуынша, әйелімен ажырасқаннан кейін депрессияға ұшырап, ішімдікке салынып кетіпті, содан ұшарын жел, қонарын сай білетін жағдайға жеткен. Солай әр жерге бір түнеп жүргенінде ішімдікті қоюға өзіне-өзі ант беріп, әлеуметтік қызметкерге барып, үй алуға көмектесуін сұраған. «Әлеуметтік қызметкер менің жайымды бірден түсініп, арнайы баспанаға орналастырды. Алты айдан кейін осында көшіп келдім» дейді ол.
Коммерциялық емес Y-Foundation ұйымы үйсіздер үшін жаңа үйлер құрылысын салумен, сондай-ақ үйлерінен айырылып қалған адамдар орналасатын жайлар сатып алумен айналысады. Ол негізгі қаржыны мемлекеттен алады. «2008 жылдан бастап үйсіз кісілерге 3,5 мыңнан астам пәтер берілді, – дейді ұйымның басшысы Юха Каакинен. – Бұл ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін содан бері шамамен 250 миллион еуро жұмсалды. Тұрғын үй дегеніміз адамның тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау емес, ол – оның әлеуметтік құқығы». Бағдарлама авторлары үйсіздерді тұрақты жаймен қамтамасыз ету арқылы қоғамның да, мемлекеттің де ұтатынын айтады. «Үйсіз адам медициналық көмекке жиі зәру болады, ол өте қымбатқа түседі, оның полициямен де байланысы болып қалатын кездері кездеседі, – дейді Юха Каакинен. – Біз тек бір жағдайды ғана алып есептеп көргенде, мемлекеттің жалғызбасты адамға тұрғын үй беру арқылы 15 мың еуроны үнемдейтініне көз жеткіздік. Сол сияқты бұрынғы үйсіз кісі жұмысқа тұрып жатса, салық төлеушілер қатарына қосылады».
Тұрғын үй проблемасын оңтайлы шешуді Дания мен Швецияның ұстанып отырған тәжірибелері де көңілге қонады. Айталық, Дания өз азаматтарын барынша молынан пәтермен қамтып отырған елдер қатарына жатады. Мұнда әрбір мың адамға 475 баспанадан келеді. Демек, дат елінде үйсіз бір жан жоқ. Бұл ел адам басына тиетін 52 шаршы метрлік өлшемімен Еуропада бірінші орын алып тұр.

Расул АЙТҚОЖА

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1056963
Пікірлер

Көрші сілтемелер