Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-148222243 %57 %

Әнді табыс үшін емес, ұлттың болашағы үшін жазамын – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:30 - 2019/10/08


Әнді табыс үшін емес, ұлттың болашағы үшін жазамын – Астана Ақшамы

Ертең елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақ өнерінің қайраткері, композитор, Оқушылар сарайындағы вокал бөлімінің жетекшісі Кентау НАЗАРБЕКТІҢ «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әдеби-сазды ән кеші өтеді. Онда елімізге белгілі өнер майталмандары композитордың сырлы әндерін орындайды. Біз өз кезегімізде композитормен оның шығармашылығы және қазақтың ән өнері тұрғысында сұхбат құрдық.

– Кентау Қуантайұлы, әңгіменің әлқиссасын әдеби-сазды кешіңізден бастасақ. Онда көрерменге қандай жаңалық ұсынбақсыз?
– Кеште «Абай өлеңі» мен «Құнанбай» атты екі ән мен «Қазағым, жаса мәңгілік!» атты шағын кітапшамның тұсаукесерін жасайық деген ниетіміз бар. Кітапшада 22 әнім мен 1 күйім енгізілген. Жалпы, 100-ден аса әнім бар.
Осы уақытқа дейін Абайға арналған өлеңдер көп болғанмен, ән арналмапты. Мен өзім Абай елінің тумасымын. Сонда өсіп-өніп, ұлы тұлғалардың философиясын, жазған дүниелерін бойыма сіңіріп өскендіктен, бабаларымызға бір ән арнауым керек деген мақсатта осы тектес әндерді зерттедім. Бірақ оның көбінің мазмұны «бабам осындай еді» деген сияқты адамның жеке басына арналып жазылыпты. Былай қарағанда, адамның данышпандығы оның ісінде ғой, жазғанында, айтқанында. Сол себепті Абайға арналған өлеңдерге үңіліп, Әділғазы Қайырбеков аға­мыз­дың кітабынан керегімізді тауып, «Абай өлеңі» деген ән жаздық. Былтыр Абай музейінің ұжымынан осы әнді өздерінің әнұраны етіп бекіткендері туралы хат келді. Жалпы, бұл ән бұрынғы кештерімнің бірінде бір-ақ рет орындалған. Содан бері еш жерде айтылған жоқ. «Қазақ» радиосының алтын қорында бар. Бірақ онда қаншалықты беріліп жатқанын білмедім.
Ал «Құнанбай» әні бір жылдай бұрын жазылды. Мәтіні – Төлеген Жанғалиев ағамыздікі. Қазір бұл әнді ауылдағы шәкіртім Қонысбек деген әнші орындап жүр. Абай еліне барған қонақтарды қарсы алу, шығарып салу кездерінде осы ән орындалып жүр деп естіп жатырмын. Сонымен қатар Семей өңіріндегі жиын-тойларға да «Құнанбай» әнін орындау үшін шақыртулар болып тұратын көрінеді.
– Жалпы, әннің қандай құдіреті бар? Әнмен ұрпақты тәрбиелеуге бола ма?
– Әрине, егер есті ән болса. Ән – халықтың рухы ғой. Ұстазым Теміржан Базарбаев айтқан еді: «Әнмен адамды емдеуге, әнмен адамды жындандыруға, әнмен адамды өлтіруге де болады» деп. «Әннің де естісі бар, есері бар» дейді. Бірақ бұрын тек есті әндер ғана шырқалатын. Қазір есер әндер көбейіп кетті. Қазіргі эстрадалық әндерде мән қалмай бара жатыр. Өзгенің қаңсығын таңсық қылып әкеліп, саф өнерімізді былғап жүргендер көп. Теледидар мен радиода да сондай әндердің қатары көбейді. 2000 жылдардың басында Теміржан аға айтып еді: «қазір жындандыру науқаны жүріп жатыр» деп. Расымен де қазір жындандыратын әндер жастардың санасын әбден улап жатыр. Бұл науқан әбден шегіне жеткен сияқты. Құдай сақтасын, әрине. Дегенмен халқымыз әлі де құлақтың құрышын қандыратын есті әндерге оралады деп үміттенемін.
– Сіз өзіңіз кімдердің әнін тыңдайсыз? Жастарға кім­дерді тыңдауға кеңес бересіз?
– Мен өзім бұ­рынғылардың әндерін, ретро әндерді тыңдаймын. Құбылам – кешегі Ақан сері, Бір­жан сал, Естай, Абай мектебі, одан бері ұстазым Теміржан Базарбаев, қа­зақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, Бекен Жамақаев ағаларымыз. Олардың түйдек-түйдек дүниелері – саф алтындай таза өнер ғой, шіркін. Сонымен қатар шетелдің, Ресейдің классикалық әндерін де тыңдаймын. Ән жазамын деген жастарға да бұрынғылардың әндерін тыңдауға кеңес беремін. Себебі қан тамыр арқылы тарайды ғой. Сол сияқты бұрынғылардың бай мұрасын бойына сіңіріп, нағыз өнерге қанып өскен өскелең ұрпақ одан осал болмайды.
– Ал қазіргі эстрада әншілерін мүлде тыңдамайсыз ба?
– Тыңдаймын. Бірақ барлығын емес. Есіртіп, жындандыратын әндерді бірден өшіріп тастаймын. Біз де қазір аға буынға аяқ басып келеміз ғой. Ал өзімнен кейінгі буынға келсек, Медет Салықов, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов сияқты бауырларымның әндерін ұнатамын.
Өкініштісі, қазір ұлттық арна мен ұлттық радиода да неше түрлі әндер көп берілетін болып жүр. Сол жағы қынжылтады. Әрине, ұлттық дүниелер жоқ емес, бар. Бірақ онда бірыңғай ұлттық өнеріміз насихатталмаса, оның несі ұлттық теле-­радио? Оның «Жұлдыз FM»-нен қандай айырмашылығы бар? Оның үстіне, телеарна деген тасадағы таланттарды тауып, халыққа паш етуі керек емес пе? Ал телеарналарда үнемі халықтың алдында жүрген танымал жұлдыздарды көрсетіп, өздеріне рейтинг жинайды. Ондағы жұмыстар рейтинг үшін емес, ұлт болашағы үшін жасалуы керек. Классикалық әндерге насихат жетіспейді.
Шыны керек, қазір тойға арналып жазылатын жеңіл-желпі әндер де көбейіп кетті. Онымен қоймай, тойдың да дәрежесін түсіріп алдық. Тойды түзеуіміз қажет. Той дегеніміз – ұлттық тәрбиеге бағыт беретін жиын болуы керек қой. Бұрын тойға әр адам өзінше дайындалып баратын. Бірі ән шыр­қаса, енді бірі салиқалы әңгіме айтатын. Қазіргі тойлар концерт сияқты. Концерт болғанда да «шип-шип», «аспанға қараймын» деген сияқты даурықпа әндер айтылады. Тойда ән айтуды сахнаға шыққанмен бірдей көретіндер де бар. Бірақ ол дұрыс емес. Екеуі – мүлде екі бөлек дүние.
– Сіз өзіңіз тойларға шықпайсыз ба? Тапсырыс­тар түсіп тұра ма?
– Шақыртулар болады. Егер есті әндерді тыңдағысы келетін ағайындар болса, барып тұрамын. Арасында гитарамен өзімнің әндерімді де орындаймын. Қазір беташар рәсімі де шоуға айналып барады ғой. Жас балаларға дейін бет ашып жүр. Негізі, тойдың қадірінің түсуіне өзіміз де кінәліміз. Шама-шарқымызға қарамай, уыстап ақшасын ұстатып, асаба-әншілерді жалдаймыз. Кейбір тойға жұлдыздар келсе, қонақтың көпшілігі солармен суретке түсіп әлек болады да, той иелері жайы­на қалады. Дегенмен той басқаруды, келіннің бетін аштыруды өнердегі жолына қарап шақыратын қазақы адамдар да бар. Қажет кезде сондай қызық-қуаныштың куәсі болып, той төрінен табылып, қазақтың өнерін насихаттап, бет ашатын кезіміз де болады.
– Әнді тапсырыспен жазасыз ба? Бір әнді қаншаға бағалайсыз?
– Жоқ, әндерімді сатпаймын. Айтыңызшы, «Қазағымды» қалай сатамын? «Абай өлеңі» мен «Құнан­байды» қалай сатамын? Тек арасында өтініш білдіріп жатса ғана тапсырыспен жазуым мүмкін. Мысалы, жақында ғана бір өтініш болды. Бірақ тек түзетіп, жөндеп бергендіктен, оны өз әнім деп есептемеймін.
– Қосымша кәсібіңіз бар ма?
– Жоқ, кәсібіміз жоқ. Жасыратыны жоқ, күнкөрісіміз – жалақы. Сонымен қатар авторлық қауымдас­тықтан аздаған қаламақы төленеді. Бірақ ол аса мардымды емес. Өкінішке қарай, бұл жүйе шетелдердегідей емес, біздің елімізде әлі де жолға қойылмаған. Заң бар, бірақ қадағалаушы орган жоқ.
– Өнерді тастап, бизнес­ке кеткіңіз келетін кездер бола ма?
– Әрине, жоқ. «Әттеген-ай» дейтін кездердің болатыны рас. Бірақ Теміржан Базарбаев сынды мүйізі қарағайдай ұстаздарымыз өнерге адал болуды аманаттап кетті. Біз де сол аманатқа қиянат жасамай, адал жолдан аттамай, Құдайдың берген жолымен жүріп келе жатырмыз. Шүкір, арымыз таза. Бизнес жасау қолымыздан келмейді де. Ал өнерді бизнеске айналдыру ойымызда болған емес. Жазған әндеріміз болашақ ұрпақтың кәдесіне жарап жатса, сол да – үлкен олжа. Мен әнді табыс табу үшін емес, ұлт болашағы үшін жазамын.
– Ұстанымыңыз қандай?
– Ұлтқа қызмет ету. Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
– Қазір шәкірт тәрбиелеп жатырсыз ба?
– Иә. Бірақ шәкірт тәрбиелеуге кейіннен кірісе бастадым. Осы уақытқа дейін бұл жауапты іске лайықпын ба, жоқ па деп көп ойландым.
– Жалпы, әндеріңіз қалай жазылады? Бірінші ән жазып, соған лайықты өлең іздеп, ақындарға ұсынасыз ба?
– Ән оңашада, өзіңмен үндескенде туады. Көп жағдайда мен әнді сөзге жазамын. Бірінші өлең таңдаймын. Көбіне отаншылдық өлеңдерге бой ұсынамын. Ақындардың табиғаты да әртүрлі, бір-бірін қайталамайды. Сондықтан менің шығармаларымның болмысы да бір-біріне ұқсамайды.
– Қай әндеріңіз өз әншісін тапты деп есептейсіз?
– Клара Төленбаева орындайтын «Үш бақытым», Тол­ғанбай Сембаевтың орындауындағы «Жастық», Ерлан Рысқали орындап жүрген «Жарық күн», «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай…», «Мен қазақпын», Рамазан Стамғазиевтің ән қоржынындағы «Жүрегім жүрегіңде», Досымжан Таңатаров айтатын «Қазақ жері», Әсем Омарованың орындауындағы «Бір бәйтерек, бір шынар», Перизат Тұрарованың орындауындағы «Мені ізде», Есен Сәдуақасовтың орындауындағы «Сыйласайық» әндері және тағы басқа да әндер бар.
Алда қандай жоспарларыңыз бар?
– Бала күнімде ата-ана деген егіз ұғымға арнап бүтін бір дүние жазсам деп ойладым. Оны кейіннен жүзеге асырдық. Туған әпкем Бақыт Назарбекова «Бір бәйтерек, бір шынар» деп өлеңін жазды. Алдағы уақытта да жазғым келетін тақырыптар жетерлік. Жүрегім нені тербейді, соны жазып келемін.
Ал жоспарға келсек, келер жылы елордада шығармашылық кешімді өткізсем деген ниетім бар. Соған қала басшылығынан қолдау болып жатса, құба-құп болар еді.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1056959
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбеде он жыл бұрын ж 5 min
Айтуар Өтегенов | Әдеби 29 min
Осы араны басып көріңіз 29 min
СҚО-да азық-түлік бағас 1 sagt
Роза Мұқанова | Әдебие 1 sagt
Грузияда нан фестивалі 1 sagt
Жаңаөзенде бизнеске қол 1 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 1 sagt
«Алтын тұлпар» республи 1 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 1 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 1 sagt
Үйінде темекі тартқан о 2 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 2 sagt
Елордада әйелдерге арна 2 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 2 sagt
Атырауда ІТ саласының м 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 2 sagt
Елизат Аязбек самбодан 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Қазақстандық Италиядағы 3 sagt
Измениться ли вода, есл 4 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 4 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 5 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 5 sagt