Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-181826512141 %59 %
2020-02-191801467141 %59 %
2020-02-201654482144 %56 %

Номад жаңа маусымын ашты – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2019/10/08


Номад жаңа маусымын ашты – Астана Ақшамы

Елорданың Номад театрының ІІ маусымы М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасымен ашылып, У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясымен жалғасты.

Ақиық ақынның драмасы негізіндегі спектакльді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев сахналады. Шығарма же­лісі болашақ композитор Бағдат (Аян Томанов) пен жас мұғалім Бану (Гауһар Жеңісова) арқылы өрбиді. Жастардың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Алайда араға Асан (Әли Жарасұлы) кіреді. Банудың таңдауы мен тағдырдың жазуы бірдей бола ма? Спектакльдің басынан соңына дейін көрерменді осы ой мазалайды.
Айбар (Әли Бидахмет) есімді ақынның өлеңдермен өрілетін қойылым, Төлеген Мұхамеджанов, Болат Есмұханов, Табылды Досымов, Гүлнәр Дәукенова, Лена Әбдіхалықова сынды белгілі композиторлардың Мұқағалидың өлеңдеріне жазған әндерімен әдемі үйлесіп отырады.
Ал «Ричард ІІІ» трагедия­сын талантты жас режиссер Фархат Молдағали қойып, бас кейіпкер бейнесіне басқа қырынан келген. Билік жолында туған бауы­рының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың осыншалық жауыз болуына не себеп болды?
Режиссер оның бауыр­ларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-­қатынасына жаңаша көз­қараспен қарайды. Ричардтың жан дүниесіне тере­ңірек үңіліп, ол жайлы бұрынғы қалыптасқан ойды өзгертуге тырысады. Қорыта айтқанда, бұл спектакльдерді көру керек. Былтыр ғана ашылған театрдың үлкен табыстары да әлі алда. Ал аяқ алысы жаман емес. Таяуда ғана Семей қаласында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті
театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың
100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрла­рының ХХVII республикалық фестиваліне «Теа­тр 180°» комедиясымен қа­тысқан Номад театры «Үздік дебют» аталымында топ жарып, актриса Гүлмира Жакилина «Екінші пландағы ең үздік әйел бейнесі» аталымы бойынша марапатталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1056947
Пікірлер

Көрші сілтемелер