Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Жанармайы ең арзан ел – Қазақстан – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:45 - 2019/09/12


Жанармайы ең арзан ел – Қазақстан – Астана Ақшамы

Бүгінгі таңда Қазақстан – әлем бойынша жанармай бағасы ең төмен елдердің алғашқы ондығына кіреді. Оның үстіне бұрынғы өнім көрсеткіші жоғарылап, ішкі нарықта өзімізді жанармаймен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік алдық. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, жанармай көлемі 13,8% өсіп, жылдың басынан бастап отандық Аи-92 және Аи-95 бензинінің профициті пайда болған. Яғни осы маркалы бензинді өндіру ішкі тұтынудан 20-30% артық. Осыған орай, бүгінгі таңда республика бойынша АИ-92 бензиніне бөлшек сауда бағасы бір жыл ішінде 6,9 пайыз төмендеген.

АИ-95/96 бағасы да 3,8 %-ға төмендеген, бір литрі үшін 168,6 теңге болды. Ал АИ-98 құны – жылына 3,4 %-ға төмендеп, бір литрі үшін 185,9 теңгені құрап отыр. Ішкі нарықтағы автобензин профициті жылдың басынан бастап мұнай өңдеу зауыттарының толып кетуіне алып келді делінген мәліметте. Алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге бензин экспорты ашылып, АИ-92 бензинін 60-70 мың тонна көлемінде, ал Аи-95 бензинін 10-15 мың тонна көлемінде экспорттау күтілуде. Қазірден бастап қазақстандық бензинді жеткізу үшін шетелдік контрагенттермен шарттар жасалып жатыр, бұған қарап көп ұзамай елде бензин бағасының өсуіне әкеліп соғатын-соқпайтыны туралы болжау қиын. Экономикалық сарапшы, техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Меңдебаев қазіргі кезде біздің жанармай қоймаларының толық, қоры мол екенін, оның ішінде Ресейден бұрын әкелінген жанармай да болғандықтан, жанармайға сұраныс азайғанын, осының нәтижесінде бензин бағасы төмендегенін айтады. Экономистің айтуынша, жанармайды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанға экспорттау еліміздің ішкі нарығындағы жанар-жағармайдың бағасына кері әсер етуі мүмкін.
Жуырда Picodi.com агенттігі әлемнің 115 елінің орташа айлығына қанша литр бензин сатып алуға болатыны туралы қызықты мәлімет жариялады. Мәліметке қарағанда, еліміздегі орташа айлыққа 825 литр жанармай сатып алуға болады екен. Беларуссияда орташа айлыққа 528 литр жанармай келсе, Армения мен Қырғызстанда бұл 335 пен 305 литр шамасында. Катарда, Кувейтте және БАӘ-де орташа жалақыға 4,9 мыңнан 6,5 мың литрге дейін жанармай келеді екен. Еліміздің қалаларына қатысты айтсақ, АИ-92 маркалы бензиннің ең жоғары бағасы Ақтауда (бір литрі 153 теңге) және Нұр-Сұлтанда (бір литріне 152 теңге), Алматыда АИ-92 (бір литрі 145 теңге), ең арзан жанармай Оралда. Арнайы алынған мәліметке қарағанда, қалада АИ-92 маркалы жанармайды 139-144 теңгеден, АИ-95 маркасын 159-160 теңгеден сатып жатыр екен. Ресейдің бес облысымен шектесетін Оралға, әсіресе, самаралықтар аптасына бірнеше рет келіп, автокөлік багін толтырып әкетіп жататын көрінеді. Өйткені ресеймен салыстырғанда Оралдағы жанармай бағасы олар үшін шамамен екі еседей арзан, айталық, өз елдерінде литрін 50 рубль алса, Қазақстанда бұл 25 рубльге шығады. Ресейдің ұлттық энергетика қауіпсіздігі қоры жетекші сарапшысы Игорь Юшков ресейлік ақпарат құралдарына берген сұхбатында екі елдегі баға айырмашылығын сараптай келе: «Қазақстанда бензиннің өзіндік құнындағы салықтардың үлесі аз. Ресейде бір литр бензиндегі мемлекеттік алымдардың үлесі 70-80% шамасында. Қазақстанда бұл көрсеткіш төмен. Оған қоса, Қазақстан біздегідей акцизді көтермеді. Екіншіден, Қазақстан жақында МӨЗ жаңғыртуды аяқтап, мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайтты, осыдан келіп баға айыр­машылығы пайда болды» деген.

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1046893
Пікірлер

Көрші сілтемелер