Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Махамбеттің күй мұрасы – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:45 - 2019/09/10


Махамбеттің күй мұрасы – Астана Ақшамы

«Астана» концерт залында елордалық филармония қазақ оркестрінің жаңа ХХIII концерттік маусымы ақын, батыр, күйші Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналған «Қайран, Нарын» күй кешімен ашылды.Қару мен қаламға қоса домбыраны өміріне серік еткен Махамбеттің осы күндері оннан астам күйі белгілі. Оның күйшілігіне алғаш рет академик Ахмет Жұбанов назар аударды. Кейіннен Тмат Мерғалиев, Қаршыға Ахмедияров күйлерінің ерекшеліктеріне үңіліп, насихаттады. Жаңа ғасыр басында, батырдың 200 жылдығы қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Еркін Нұрымбетов күйлерін оркестрге өңдеп түсірді.
Әр күйдің өзінің шығу тарихы бар. Мәселен, «Қиыл қырғыны» күйі 1838 жылы Исатай мен Махамбеттің Орынбор губернаторы, полковник Гекке бастаған, оған барып қосылған Баймағамбет сұлтан әскерімен шайқасы сипатталады. Сол сияқты «Қайран, Нарын», «Шілтерлі терезе», «Жайық асу», «Жорықта», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Жұмыр қылыш», «Өкініш», «Арысымнан айы­рылдым», «Мен, мен едім, мен едім» күйлері әртүрлі көңіл күйге жетелейді.
Құрманғазының «Кішкентай» күйі де Исатай мен Махамбет көтерілісіне арналғаны белгілі. Әйгілі күйші, ком­позитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің тың­даған адам­ға рух беретін «Махамбет» атты атақты шығармасы да бар. Кеште Махамбеттің күй­лерімен қатар жоғарыда аталған туындылар және қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі – бас дирижері Айтқали Жайымовтың «Ереуіл атқа ер салмай», оркестр дирижері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан Бекеновтің «Қызғыш құс» күйлері төгілді. Махамбеттің өмірінен көріністер қойылды. Соның ішінде Құрманғазыға бата беруі әсерлі шықты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1045937
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt