Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Жаңа кезеңдегі іс-қимыл жоспары – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:30 - 2019/09/10


Жаңа кезеңдегі іс-қимыл жоспары – Астана Ақшамы

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент лауазымына келген сәттен бастап-ақ Қазақстандағы экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалар өзінің сабақтастық сипатын сақтайтындығы туралы жария етті.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елі­міздің саяси-экономикалық дамуында сабақтастық принципінің сақталатындығының нақты дәлелі. Президент Жолдауы ел Парламентінің қызметінің жаңа маусымдық циклына байланысты жария етілді. Жолдауда елдің қоғамдық қатынастарының негізгі салаларының жүйелі реформалануы мәселесі бірінші орынға қойылған. Президент өзінің сайлауалды платформасында халыққа берген уәделерін орындаудың нақты жолдары мен тетіктерін осы Жолдау арқылы іске асыруды мақсат тұтады.
Президент өз Жолдауында елеу­лі орын алып отырған әлеуметтік қайшылықтардың, ішкі дамудағы шешілмей отырған мәселелердің, теке-тірестердің ешқайсысын бүркелемей ашық айтып, қоғам талқысына салады. Барлық
кемшіліктермен, қайшылықтармен тиімді күрес жүргізудің ең оңтайлы құралы заманауи тиімді мемлекет құру екендігіне ерекше назар аударады. Ол үшін биліктің таза болуы, оның халыққа қалт­қысыз қызмет етуі, халықтың өз елін сүйетін отаншылдық қасиетін тәрбиелеу, армияны заман өзгеріс­теріне, геосаяси қауіптерге төтеп беретін дәрежеге көтеру, полиция жұмысын реформалау, жемқорлықпен ел болып күрес жүргізу сияқты тағдырлық мәселелерді жүзеге асыру сөз болады.
Біздің жұмысымыз ғылым мен білім саласына байланысты бол­ғандықтан Президенттің осы бағыт туралы айтқан ой-пікірлерінің қоғамның рухани саласы үшін маңыздылығына тоқталып өтуді жөн көрдік. Президент үш тілділік саясатынан бас тартпай отыра қазақ тілінің мемлекеттік статусына сай қызмет етуінің жолын көрсетеді. Ол жол – қазақ тілін елдегі ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру. Бұл мақсат Қазақстанның этнодемографиялық келбетінің өзгеруіне байланысты. Қазір ел халқының 70 пайыздан астамы қазақ халқының өкілдері. Соңғы 30 жылдың ішінде 1 миллион ағайын шет елдерден өз Отанына оралды. Олар толықтай таза қазақ тілінде сөйлейді. Сондықтан билік те өз халқының тіліне көшуі міндет. Үкімет, министрліктер, мекемелер, ұйымдар, банк жүйесі барлығы мемлекет тілінде сөйлеп, қызмет етіп тұрған жағдайда қазақ тілі толыққанды ұлтаралық қатынастар тіліне айналатыны ақиқат.
Президент Жолдаудың біраз бөлігін халыққа ана тілімізде жеткізді. Мұның өзі мемлекеттік тілге биліктің бетбұрыс жасауының белгісі. Ел шенеуніктері баршасы мемлекеттік тілді білуіне деген талаптың нақты көрінісі. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тарих ғылымын қазақ тілінде сөйлету жолында келелі жұмыс­тар атқаруда. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақстан тарихы энциклопедиясы» жобасын бастадық. Үш томдық еңбектің 850 беттік алғашқы томы ана тілімізде жарық көрді. Мұнда іргелі ғылыми жұмыс бұрын Қазақстанның тарих ғылымында болмаған. Мақсат – Қазақстан халқының заманауи тарихы санасын тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі отандық ғылымды дамытудың кешенді шараларын қарастыруда. Ғылым қоғамға, экономикаға, рухани-мәдени дамуға ықпал ететін, халық өмірін жақсартатын жаңашылдықтарға жол ашуға тиісті. Тарих ғылымы Қазақстан халқының тарихи көзқарастарының көкжиегін кеңейтеді. Осы ретте Президент ұсынған Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығын атап өту өте маңызды. Қазақ хандығы Алтын Орда империясының заңды мұрагері, оның жалғасы. Яғни қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы эволюциясын дұрыс түсіну үшін Алтын Орда мемлекетінің тарихын жақсы білуіміз ауадай қажет.
Халық қазақ тілінде сөйлеп жүрсе, билік орыс тілінде өз кеңестерін, жиналыстарын өткізіп жатса, билік пен халық арасында қалай түсіністік болады?! Сондықтан қоғамның біртұтастығын сақтау жолында билік те, халық та, ғылым мен білім де қазақ тілінде сөйлеп тұруы керек. Ақпараттық кеңістіктің қазақ тіліне көшуі тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту жолы деп есептейміз. Сондықтан біздің институт ұжымы Президент ұсынған елдегі тіл саясатының жаңа бағытын толық қуаттайды. Қазақ тіліне қолдау көрсетуді жалғастыруды мемлекеттік қауіпсіздіктің басым бағыттарының бірі.
2020 жылы Қазақстан халқы, ұлтымыздың ұстаздары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өтеді. Ұлы бабаларымыздың осы мерей­тойларын өткізу туралы мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде Президент ұсынысын іске асыруды өзіміздің маңызды міндетіміз ретінде қабылдаймын. Адамзаттың білімі мен санасында өшпес із қалдырған ұлы бабаларымыздың өсиеттерінен дұрыс сабақ аламыз ба? Міне, ең басты мәселе осында. Мысалы, әл-Фарабидің сан-қырлы ойлары арасында «қайырымды қала» туралы концепциясы бар. Біз Қазақстанда әл-Фараби көксеген «қайырымды қаладай» мемлекет жасауға тиістіміз. «Қайырымды қала» басшылары халықпен бірге, оның мақсаты елге қызмет ету, елдің көсегесін көгерту. Билік иелері өзінің баюын емес, мемлекеттің күшейіп, гүлденуін бірінші орынға қояды. Сол арқылы халықтың құрметіне кенеледі. Ал «қайырымсыз қалада» бәрі керісінше. Мақтану, жемқорлық, халық қазынасын шашу, тамыр-­таныстық. Әл-Фарабидің өсиетіндегідей мемлекет құру арқылы біздің ел бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарына қосыла алады. Ол үшін қосымша тағы да бір ерекше күш жетіспейді. Ол күш халықтың ақыл-ойы, парасаты, жаңашылдығы. Осындай санадағы адамдарды Абай Құнанбаев айтқан «кемел адам», «толық адам» концепциясын басшылыққа ала отырып тәрбиелеуге болады. Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұраларының классикалық мән-мағыналары осында. Олардың ойлары, идеялары өткен заманда, бүгінгі күнде, болашақта да маңызын еш жоғалтпайды, тозбайды. Қазақ халқы осындай ұлы ойшылдары болуымен бақытты. Ұлт олардың ақылын тыңдап, көрсеткен жолдармен жүріп, жаңа заман талаптарымен толығып отырса нағыз кемел ұлтқа айналады. Білім, ғылым, өнер, мәдениет салалары дамымай біз көштен қалып қоямыз. Сондықтан Қазақстан қоғамын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру алдағы жылдарда да күн тәртібінен түспек емес. Ұлы ойшыл Абай айтқандай, қоғамда жеке адам түзелмей түпкілікті жақсылықтар мен жетістіктер келмейді. Адамды түзейтін не десек, олар: жасампаз еңбек, білім, мамандық, тәрбие, адамгершілік рух пен әділеттілік.
Абай мен әл-Фараби шығармаларындағы осындай қағидаттылық идеяларды халыққа түсіндіріп, насихаттап, Қазақстан халқының рухани басшысының жақсылыққа толуына ықпал етуіміз керек. Қазақ тарихшыларының міндеті – Қазақстан халқын қазақ халқының, әлем халықтарының озық ойлы тұлғаларының үлгісінде тәрбиелеу. Билікті, халықты Отанымыз басынан өткерген қилы тарихынан дұрыс сабақ алуды үйретуге тиістіміз. Тарихи тәжірибеден сабақ алмаған мемлекеттер үнемі қателіктерге ұшырап, кері кетіп жатады. Қазақстан осы қайшылықтардан сақтануы маңызды.
Біздің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институы Қазақстанның рухани жаңғыруына өз үлесін қосатын бірнеше мемлекеттік жобаларды орындауда. «Ұлы даланың Ұлы есімдері» талдамалы зерттеу жүргізу, өзектілендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырысы Қазақстан тарихына қатысты 100 ұлы тұлғаның ұлағатын ұлықтайтын парк-энциклопедия жасауды бастады. «Ұлы даланың Ұлы есімдері» қатарына «әл-Фараби мен Абай өздерінің құрметті орындарын алады. Қазір олардың есімдерін парк-энциклопедияға енгізудің жолдары мен тетіктері зерттеліп жатыр. Парк-энциклопедияға кірген адам қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы қысқа, түсінікті, ғылыми тұжырымдалған, мәнді және мағыналы ақпарат алуы керек. «Интерактивті ғылыми карта» Қазақстан халқы «таңдамалы зерттеу, өзектілендіру және ақпараттық қолдау» жобасын іске асырудағы мақсат – Қазақстан қоғамының этникалық келбетіне терең талдау жасау арқылы елімізді болуы ықтимал этникалық, діни және әлеуметтік қайшылықтардан сақтандыру және олардың алдын алу міндеттерін шешу. Ал «Өзбекс­тандағы қазақтың киелі жерлері» жобасы қазақ халқының тарихи танымын кеңейтіп, тарихи жадымыз­ды жаңғыртуды көздейді. Биылғы Жолдауда Президент шикізатқа байланған экстенсивті экономикадан бас тартудың жолдарын көрсеткен. Ол үшін «білім мен ғылымның экономикасына» көшуіміз керек. Шикізат сатуға қарағанда дайын тауарлар сату әлдеқайда көп пайда әкеледі. Қазақстан қандай дайын өнімдерімен әлемдік бәсекелестік нарығына шыға алады. Осы мәселе өте маңызды.
Бұл жұмысты тек отандық ғалымдар ғана шеше алады. Қазақ­с­танның дамуының барлық салаларының жағдайын, мүмкіндіктерін, потенциялын отандық ғалымдар ғана жақсы біледі. Мәселе отандық ғылым мен білімді қолдауға келіп тірелуде. Қазір Қазақстан ғылымын қаржыландыру ЖІӨ 0,13 пайызын ғана құрайды. Бұл салада біздің ел әлем мемлекеттерінің соңында. Дамыған экономикасы бар елдер ЖІӨ 3-5 пайызын ғылымға жұмсайды. Мысалы, ғылымды қаржыландыруға 5 пайызы табысты бөліп отырған Оңтүстік Корея әлемдегі бай мемлекеттер қатарына 20 жылда қосыла алды. Қазір бүкіл әлем Оңтүстік Корея өндіретін дайын тауарларды тұтынуда. Қазақстан осындай жетістіктерден үлгі алғаны абзал.
Қазақстанды ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында индустрияландыру жүріп жатқанда Ф.И. Голощекин Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы болып қалу жобасын жақтапты. Мұндай біржақтылыққа қарсы шыққан Казирайкомның бюро мүшесі Смағұл Сәдуақасов өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамытып, сапалы тауарлар шығаруды жақтап шығады. Ол «Голощекин жолдастың неліктен жүн жуудан әрі барғысы келмейтінін, шұға фабрикаларын ұйымдастыру өз-өзінен сұранып тұрғанын» дәлелдейді. «Қазақстаннан жуылған жүнді Ресейге шығарып, осы жүннен тоқылған «мәскеулік» шұғаны кері қарай тасығаннан гөрі, Қазақстаннан дайын шұғаны теміржолдар арқылы сыртқа шығару жеңіл емес пе?» деп есептейді ұлтжанды С.Сәдуақасов. Алайда Голощекин мен оның жақтастары осындай тағдырлық маңызы бар ұсыныстарды жергілікті ұлтшылдықтың көрінісі деп баға береді.
Көршілес Ресейдің өзі ғылымды қаржыландыруға бізден қарағанда 12 есе көп қаржы жұмсайды екен. Отандық ғылымның көсегесі көгермей отандық экономиканың да көсегесі көгермейтіндігін түсінетін мезгіл келді. Президент айтқандай, ғылымның дамуының көздерін аша отырып, ғылым мемлекеттің дамуына қандай тиімді ықпалын көрсетіп отыр деген мәселе назарда болуы абзал.
Президент Жолдауынан ғылым мен білім салаларының Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, мемлекетті қорландыруға, аграрлық саланы жаңғыртуға үлесін қосатын салаға айналдырудың бағыттарын анық көреміз.

Зиябек Қабылдинов,
Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология
институтының
директоры, т.ғ.д., профессор

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1045926
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 10 min
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 20 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt