Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2413973657 %43 %

ТАМЫРЛАС ХАЛЫҚ­ ­ТАҒДЫРЛАС – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 19:30 - 2019/08/13


ТАМЫРЛАС ХАЛЫҚ­ ­ТАҒДЫРЛАС – Астана Ақшамы

– Сізді еліміздің астанасы ­– Нұр-Сұлтан қаласын бес сау­сақтай қанық білетін елші­лер­дің бірі деп естиміз. Бас қа­ла­мызды қалай бағалайсыз?
– Нұр-Сұлтан Қазақстанның дамуының айнасы іспетті. Есілдің жағасындағы бұл қалаға ең алғаш 1982 жылы келген едім. Ол кезде бұл шаһар Целиноград деп аталатын. Кейін Ақмола, одан кейін Астана деп аталды. Биыл Президенттің Жарлығымен Нұр-Сұлтанға өзгерді. Салыс­тырып қарасақ, Кеңес Одағы кезіндегі Целиноград пен қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұрын ауа райы жайсыз, маса-шіркейі қаптаған қаланың тұрғындары да аз, қаланың әлпеті де жұпыны еді. Ал қазір бұл қала Орталық Азиядағы ғана емес, дүниедегі көркем қалалардың қатарына қосылды.
Өзбекстандықтарға да бұл қаланың көркемдігі қатты ұнайды. Әсіресе, жаз, күз айларында қала ортасы өте жайлы. Қақ ортасын жарып өзен ағып жатқан бау-бақшалы қалада демалатын орындар да көп. Ең маңыздысы, бұл қала жыл сайын дамып келеді. Халқы да бір миллионнан асты. Жас мемлекет үшін бұл – үлкен жетістік.
– Қазақта «өзбек – өз ағам» деген мақал бар. Ал өзбек аға­йындарда «қазақпен жолдас болсаң адаспайсың» деген қанатты сөз бар. Ендеше түп тамыры бір бауырлас ұлттардың бүгінгі достығы қалай?
– Өзбек пен қазақ – бауырлас халық. Қазақ тіліндегі бауыр, бауырлас деген сөздің де мәні терең. Себебі бауыр – адам денесіндегі ең маңызды органның бірі. Қазақта жақындықты бейнелейтін «бауыр етім» деген сөз бар ғой, «өзбек – бауырлас халық» деп отырғаным да екі ұлттың тамырының, тағдырының да жақындығын бейнелеу. Тарихта да бізді ешкім бөліп-жармаған. Кейін екі мемлекет болып, шекарамыз бөлінгенімен ниетіміз, тілеуіміз бөлінген жоқ. Алдағы күндерде екі елдің жаңа президенттері бұл қарым-қатынасты тіпті де тереңдете түсетініне мен бек сенімдімін. Бұған Қасым-­Жомарт Тоқаевтың ең алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстаннан бастағаны айғақ. Ең бастысы, Қазақстан мен Өзбекстанның президенттері тұңғыш президенттер салған сара жолды жалғастыруға ниетті екенін, достық, ынтымақтастықтың бұдан әрі дами беретінін білдірді. Қысқасы, өзбек пен қазақ – төсекте басы, төскейде малы қосылған халық. Біздің тіліміз, дініміз, діліміз бір. Базарымыз да, мазарымыз да бір.
– Өзбекстанның Қазақстандағы жылы мен Қазақстанның Өзбекстандағы жылы екі ел дос­тығына қандай серпін береді деп ойлайсыз?
– 2017 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев Өзбекстанға сапарлай барды. Сапар кезінде басшылар екі елдің достық қарым-қатынасын тереңдету мақсатында бірқатар келісімдерге келді. Соның бірі 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізу болса, келесі жылында Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу еді. Мұндай жағдай бұрын болмаған. Қазақстан мен Өзбекстанда «Өзбекстан күндері», «Қазақстан күндері» аталып өткенімен, Өзбекстан мен Қазақстан жылдары тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Өткен жылы Өзбекстанның
Қазақстандағы жылы аса салта­натты деңгейде аталып өтті. 200-ден астам маңызды шара өткізілді. Қоғамдық ұйымдардың бас болуымен де шағын шара­лар өтті. Биыл жыл басында Қазақ­станның Өзбекстандағы жылының салтанатты ашылуын Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ашты. Екі елдің премьер-министрлері де кездесіп, көптеген келісімдер жасасты. Жақында Өзбекстан мен Қазақ­станды жалғайтын «Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы» автожолы ашылды. Салтанатты шараға екі елдің премьер-министр­лері Абдулла Әріпов пен Асқар Мамин қатыс­ты.
Мұнан сырт, әр сала мамандарының барыс-келісі де жиілей түсті. Мәселен, жақында Қазақ­стан жоғары оқу орындарының басшылары Өзбекстанға барып, біздің елдегі әріптестерімен келелі кеңес өткізіп, тәжірибелерін бөлісті. Бұл да болашақта екі елдің оқу-ағарту саласындағы қарым-қатынасына үлкен серпін беретіні анық. Осы тұрғыдан алғанда, атаулы екі жыл Өзбекстан мен Қазақстан қарым-қатынасының жаңа беташары болды деуге болады. Оның жанды мысалы ретінде жыл басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өсіп, 1 млрд АҚШ долларына жеткенін атауға болады.
– Өзбекстан мен Қазақстанның ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастығын дамытудың маңызы қандай?
– Ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту екі елге де тиімді. Біз қашанғы ауылшаруашылық өнімдерін, жаңа техникаларды алыс шетел­дерден тасимыз? Сол өнім, сол техника Өзбекстан мен Қазақ­станда жоқ па? Бар. Егер екі ел арасындағы сауда-саттық байланысы нығайса, біз уақыттан, қаржыдан, жолдан ұтамыз. Бұл кезі келгенде екі елдегі ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнының төмендеуіне тиімді. Әрине, киім-кешек, азық-түлік арзан болса, қарапайым халық­қа пайдалы. «Халық дипломатиясы» деген термин бар. Егер ауылшаруашылық саласындағы селбес­тік күшейсе, екі ел халқы тіпті де жақындай түсер еді. Өзбектерде «кілем сатсаң көршіңе сат, бір шетінде өзің отырасың» деген мақал бар. Осы мақал екі ел ара­­сындағы сауда қатынасының тиім­ділігін дөп басып бейнелейді деп ойлаймын.
Жақында Оңтүстік Қазақстанда тоқыма фабрикасын құру жөнінде екі ел арасында келісім жасалды. Онда әртүрлі маталар тоқылып, киім-кешек өндіріледі деп күтілуде. Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпорындары бірлесіп, Қазақстанның Қостанай қаласында жаңа автокөліктер шығара бастағаны мәлім. Маңғыстау облысы мен Хорезм аймағы да достық қатынасты нығайту тұрғысынан көп кездесулер өткізді. Міне, осының бәрі екі ел қатынасының көп салалы байланысқа қарай дамып бара жатқанын көрсетеді.
– Өзбекстан Түркі кеңесінің мүшесі емес. Алайда Өзбек елі бұл кеңестің саммиттеріне белсенді қатысып келеді. Ендеше Өзбекстанның Түркі кеңесіндегі ресми мүшелігі қашан рәсімделеді деп ойлайсыз?
– Түркі елдері басшыларының саммитіне Өзбекстаннан әр жылы өкілдер қатысып келеді. Өткен жылдан бастап Өзбекстан бақылаушы ретінде қатысты. Жалпы, бұл саммит түркітілдес халықтар арасындағы береке-­бірлікті нығайтуға, еларалық қарым-қатынасты дамытуға тиімді. Өзбекстан бұл кеңеске мүше болу мәселесін қарастыру үстінде. Меніңше, көп ұзамай бұл қатарға Өзбекстан да қосылады деп ойлаймын. Әрине, бұл кеңеске мүше болған елдердің өз мүддесі бар. Осы мүддеге зиян келтірмеу шарт астында бірлікті бекемдеп, өңірдің саяси, экономика, мәдениет істерінің өркендеуіне оң серпін берсе болғаны.
– Қазақ-өзбек қатынасы күшейгелі туристердің саны төрт есеге өскен көрінеді. Екі елдің туризмді жандандыру жолында қандай мүмкіндіктері бар?
– Екі ел бірігіп туризм саласын жоғары деңгейге көтеру арқылы туристердің санын арттыруға көп мүмкіндік бар. Тоқаев Өзбекстанға барған кезінде қос елдің басты рухани және тарихи орталықтарын бір-бірімен байланыс­тыратын Түркістан, Самарқанд, Хива, Бұхараны бір бағытқа қосатын туристік жолдар ашу туралы да айтылды. Қазір екі ел туризмін мемлекеттік деңгейден бөлек, аймақтық деңгейде дамыту әлдеқашан басталып кетті.
Өткен жылы 2,5 миллион өз­бек­стандық саяхатшы Қазақ­станға келсе, Қазақстаннан 2,3 миллион саяхатшы Өзбекстанға барған. Екі елдің туристік компаниялары арасында да көптеген келісімдер жасалды. Туристердің көбеюі халықтың әл-ауқатын көтеруге, жұмыс көзін ашуға септігін тигізеді. Бұл саланы дамытуға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ерекше ден қойып отыр. Қазақстанда көркем жерлер көп болса, Өзбекстанда тарихи орындар молырақ. Былайша айтқанда, екі елдің туризмі бір-бірін толықтырады, бірге дамиды деп айтуға толық негіз бар.
Қорыта айтқанда, «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал бар қазақта. Екі елдің дос­тығы берік болса, барлық са­­­ланы дамытуға мүмкіндік бар. Статистика бойынша қазір Қазақ­­­стан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жеткен. Бұл 2016 жылмен салыс­тырғанда 32 пайызға артық. Алдағы үш жылда екі мем­­лекет бұл деңгейді 5 млрд дол­ларға жеткізуді көздеп отыр. Екі елдің экспорт-импорты да артып келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1034002
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар