Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

ӨМІРДІҢ СЫНАҒЫНАН ӘЛСІЗДЕР СҮРІНЕДІ – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 18:30 - 2019/08/13


ӨМІРДІҢ СЫНАҒЫНАН ӘЛСІЗДЕР СҮРІНЕДІ – Астана Ақшамы

Осы орайда біздің бүгінгі кейіпкеріміз де өмірдің ащы-тұщысын көрген азамат. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қабылданған Дулат Көпті­леуовтің жүрекжарды әңгімесі кімге болса да ой салатыны анық. Алпысты алқымдаған азаматтың өзі туралы бүкпесіз әңгімесінен көңілге түйгеніміз көп болды.
– Мен Аягөз қаласында, үлкен отбасында дүниеге келдім. Әкем марқұм көп жылдар бойы үлкен мекеме бастығының орынбасары қызметінде, шешем марқұм қаржы саласында қызмет істеп, бес баланы тәрбиелеп өсірді. Балаларының үлкені мен болдым, менен кейін екі інім, екі қарындасым бар. Орта мектепті бітірісімен әскери борышымды абыроймен атқарып, елге оралдым. Ендігі ретте өмір жолын таңдауымның кезегі тұрған еді. Таңдауым құрылысшы мамандығы болды. Сол үмітімді арқалап Целиноград қаласындағы құрылыс техникумына келіп түстім. Оны 1977 жылы аяқтаған соң құрылыс саласында еңбек ете бастадым. Таңдауымды одан әрі жетілдіру мақсатымен 1978 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтының азаматтық құрылыс факультетіне оқуға түсіп, оны 1984 жылы аяқтап, инженер-құрылысшы мамандығына ие болдым. Үйленіп, отбасын құрып, балалы-шағалылар қатарына қосылдық. Сол жылы жолдамамен Торғай облысындағы «Тургайсельхозстройтрест» мекемесінің жылжымалы механикаландырылған колоннасында мастер, прораб қызметтерінде жұмыс істедім. Артынша, 1986 жылы сол облыстың Амантоғай ауданының «Рассвет» кеңшарында аға прораб, 1992-1999 жылдары Қостанай облысы Наурызым ауданы селолық құрылыс комбинатының директоры қызметтерін атқардым. 2001 жылы аудан жабылып, трестті тарқата бастады. Бір-біріне жалғасқан сәтсіздіктер де сол жылдары басталды. Несіне жасырамыз, қазақта «көре алмаушылық» деген қасиет бар ғой. Оның жетегінде «қастандық жасау» деген де қалыс қалмаған шығар. Сонымен не керек, 2001 жылы менің үйім өртенді. Үйде жатқан менің барлық өмірлік маңызы бар құжаттарым, қызметімнің қаржылық мәліметтері бар аса маңызды құжаттар жанып кетті. Сол сәттерде маған өшігіп жүргендердің бет пердесі ашылды. Бірақ менің өмірімнің астан-кестені шықты. Бір өкініштісі, арандатушылардың ықпалына менің әйелімнің де қосылып жүргені әлі күнге дейін жүрегіме шаншудай қадалды.
Әйеліммен біржола ажырасып, ақырында Ақмола қаласына келіп, әртүрлі шағын жекеменшік құрылыс компанияларында сенімхат бойынша жұмыс істеп, күнкөріс амалымен ғана өмір сүруге душар болдым. Осы бір қиын кезеңде асқақ арманымның орындалатынынан күдер үзіп, құлазыған сәттерде «ащы сумен» жүрегімді жұбатқан кездерім де болғанын несіне жасырамын. Кәдімгідей ішімдікке салынып, мақсатсыз жүретінді шығардым. Бұл менің әлсіздігім болды. Дегенмен бәрі артта қалды. Адам баласы амалдап өмір сүреді ғой. Осы уақытқа дейін құжаттарымның түпнұсқалары болмауынан, сондай-ақ зейнеттік демалыс шағымның жақындауына байланысты амалсыздан осы мекемеге келіп, көмек сұрауға мәжбүр болдым. Абырой болғанда, бұл шешімім дұрыс болып шықты. Орталық басшысы Марат Көптілеуов келген бетте менің жағдайымды білгеннен кейін «Аға, уайымдамаңыз, барлық құжаттарыңызды қалпына келтіріп береміз, ол – біздің міндетіміз» деп, толқыған көңіліме басу айтты. Орталыққа келгелі де бір жылдай болып қалды. Әлеуметтік қызметкерлер құжаттарымды қалпына келтірді. Осы мекеменің және оның барлық қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Енді ел қатарлы жұмысқа кірісіп, тағдырдың сынағынан сүрінбеуге бекініп отырмын. Кезінде қуғында жүрген ұлтымыздың белгілі саяси қайраткерлерінің бірі «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» деген екен. Осындай күй менің де басымнан өтті деуге болады. Бұл жағдай мен үшін өмірдің сабағы болды, бірақ ол жүрегімнің түкпірінде өшпес із қалдырды. Менің өткен жолымды кейінгі жастар қайталамаса екен деп тілеймін, – деп түйіндеді өз сөзін өмірдің кермек дәмін тартқан азамат жанарынан сенім оты жарқылдап.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1033969
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Лашық райондарын жаңала 2 min
Аршынды қәдәммен алға б 2 min
Магистратураға түсушіле 3 min
Қыркүйекте қазақстандық 6 min
Ауыл жастары мешіт имам 12 min
Үйінен қашып кеткен 13 12 min
Т.Макдевит: Сеул мен Ва 12 min
Сыртқы істер министрліг 12 min
Ақтөбеде Өзбекстан азам 12 min
Магистратура қорытындыс 15 min
Алматы Орталық Азия елд 21 min
Жүңгө тілшілер бірлесті 22 min
Қоғам апталық шолу №33 22 min
АҚШ Тайваньға 66 жойғыш 22 min
"Әкесі бар адамға 22 min
Токио-2020 Олимпиада ой 24 min
Байдарка мен каноеде ес 27 min
«Зекет» қоры 120-шы бас 27 min
Трамп Сирияда қолға түс 1 sagt
Ресейдің Иркутск облысы 1 sagt
Тұрақты мекенжайы жоқ Қ 1 sagt
Өтіріктен де ауыр күнә 1 sagt
Тянжин шинжяңға көмекте 1 sagt
Боливияда 500 мың гекта 1 sagt
Елорда әкімі екі мектеп 1 sagt
Балық аулау жарысын өтк 1 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 1 sagt
Қашан өлетініңді 10 жыл 1 sagt
«Астана» университетіні 1 sagt
Вакансиялар мен төлемде 1 sagt