Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 21:00 - 2019/08/12


ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА – Астана Ақшамы

Тұрғындарды қабылдау­дың Жастар сарайында ұйым­дастырылғаны да ұтым­ды болғаны сөзсіз. Өйткені қаланың дәл ортасында ор­наласқан мекенжайға елдің келіп-кетуі ыңғайлы-ақ.
«Ашық әкімдік» іс-шарасында аудан әкімдігі аппараты, қалалық басқармалар және қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері өтінішпен келген жұртшылықты жеке-жеке қабылдап, толғандырған мәселелерді бірге қарастырып, сауалдарға жауап берілді.
Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген Наталья Цибулинаның мақсатын сұрап білген едік.
– Біріншіден айтарым, мы­нандай қабылдау жүргізу өте ыңғайлы екен. Өзімді толғандырып жүрген екі бірдей мәселемді осы жерде қарастырып алдым. Көлігіме артық салықтың түсуіне байланыс­ты сауалыма Кіріс департаменті қыз­меткерлерінен тиісті ше­шімін біліп алдым. Екіншісі, мектеп мәселесін де анықтадым, – деді аудан тұрғыны.
Қабылдауға келіп жатқан жұртшылықты, негізінен, тұр­ғын үй, қоғамдық тәр­тіп, балабақша, мектеп, денсаулық сақтау, жұмыс­пен қамту, әлеуметтік жәрдем мәселелері толғандыратыны байқалды.
– Мен өзіміздің үйіміз қарайтын «СКИФ» тұр­ғын­жайлар иелері кооперативіне қатысты шағымымды айтуға және оның қалай шешілетінін білуге келдім. Осында қабылдаған қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдеріне барлық жағдайды жеткіздім. Жалпы, осындай қабылдаулар өткізіп тұрса жақсы болар еді, әйтпесе қаланың әр жеріне барып-жүру оңай емес. Әкімдікке ризашы­лығымды білдіремін, – дейді қала тұрғыны Бақтыгүл Бейсенова да көңілі жайланып.
Жалпы, Байқоңыр ауданы бойынша «Ашық әкімдік» іс-шарасы барысында 150-ге жуық адам өтінішпен келіп, өздерін толғандыр­ған мәселелерін қарастырып, сауалдарына жауап алды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1033577
Пікірлер

Көрші сілтемелер