Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111656685246 %54 %

ҚҰРЫЛЫС – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАРОМЕТРІ – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 20:00 - 2019/08/12


ҚҰРЫЛЫС – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАРОМЕТРІ – Астана Ақшамы

– Құрылыстың қыр-сырын үйрену үшін неліктен Ұлыбритания­ны таңдадыңыз?
– Бұл мемлекет өзінің сәулетшілерімен және әлемге әйгілі болған құрылыс компанияларымен белгілі. Жалпы, ағылшындар – ғылым мен технологияны жетік меңгерген халық. Оған әбден көзім жетті. Ондағы құрылыс саласы түбегейлі әрі жүйелі түрде дамып жатыр. Бірақ бұл – Ұлыбританияда проблема жоқ деген сөз емес. Дегенмен соңғы 25 жылда ағылшындардың Иган, Лазам сияқ­ты қайраткерлері билік пен оқу орындарының, құрылыс компанияларының назарын саладағы проблемаларға аударатын кешенді баяндамалар дайындап, оны жүзеге де асыра алды. Яғни, осындай әдіснамалық жұмыстың нәтижесінде кешенді алға басатын процестер туды. Сонымен қатар елордамызды салған басты сәулетшілердің бірі – жапондық Кисе Куракава болса, екіншісі – британдық Норман Фос­тер. Норман Фостердің астанамыз­дағы Ақ Орда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан шатыр сияқты сәулетті ғимараттардың авторы екені белгілі. Осының бәрі білім алуда сол елді таңдауыма түрткі болды. Алайда батыстық модельдің кейбір адам табиғатына қайшы болатын жайттарының да бар екені өтірік емес. Мұны олар адамның бас бостандығы десе, біз үшін ол ақылға сыймайтын нәрсе болуы мүмкін. Сондықтан батыстың өркениетті елдерінің тек жақсы тұстарын үйреніп, жаман жақтарынан жиренгеніміз жөн.
Екіншіден, әлемнің алдыңғы қатарлы елінде оқудың мультипликативтік пайдасы зор.
– Қазақтың қай ғалымын үлгі тұтасыз?
– Қаныш Сәтбаев пен Шапық Шөкин сынды тұлғаларды үлгі тұтамын. Мысалы, «Ертіс – Қарағанды» арнасының Кеңес үкіметі кезінде дау туғызғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Сонда мәскеуліктер Қазақстандағы жерасты суларының жеткіліктілігін айтса, Қаныш пен Шапық сынды ғалым аталарымыз бұл мега жобаның іске асуына үлес қосқан. Соның арқасында Екібастұз қаласының маңындағы елдегі 40 пайыз электр энергия­сын өндіретін «ГРЭС-1» мен «ГРЭС-2» сияқты ірі электр стансалары іске қосылды. Осы жоба болмаған жағдайда Екібастұз отын-энергетикалық кешенінің болуы және Қарағанды металлургия өнеркәсібінің дамуы екіталай еді. 2000 жылдардың басында «Ертіс – Қарағанды» арнасының тағы бір стратегиялық функция­сы қосылды. Ол Қарағанды – Теміртау өнеркәсіптік аймағын қамтамасыз етуден бөлек, елорданың «су тәуелсіздігін» қамтамасыз етті. Мәселен, Нұр-Сұлтан маңындағы «Вячеслав» су қоймасы азайып, ауызсу тапшылығы қаупі пайда болған кезде бұл проблема қайталанбас үшін «Ертіс – Қарағанды» арнасының бір сағасы осы су қоймасына бағытталды.
– Даламыздағы ежелгі құры­лыс нысандары көрші елдермен салыстырғанда аса көп емес. Алайда скифтерден бері бұл өңірде мемлекеттердің бол­ғаны белгілі. Сонда көне ин­женерлік шешімдер сапасыз бол­ған ба? Әлде басқа себеп бар ма?
– Біздің елде де көне құрылыс­тар жоқ емес, бар. Бірақ оның аз болуына ата-бабаларымыздың көшпенді тұрмысы әсер етті деп айтсақ, қателеспеспіз. Дегенмен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ақыр­тас сарай кешені және басқа да кесенелер – тарихи мирасымыз. Айша бибі кесенесі – ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Бұл ескерткіштерді жоғары сапаның үлгісі деп айтуға болады. Арыстан баб кесенесі бірнеше рет жер сілкінісінен зардап шексе де, жөндеу жұмыстарының арқасында сақталып қалды.
Алайда бұл ескерткіштерді қалың жұртшылық біле қоймайды. Оның бірден-бір себебі – еліміздегі туризм саласының әлі де декларативтік форматта болуы. Ал ол өз кезегінде тиісті инфрақұрылымды қажет етеді. Дегенмен осы тарихи құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу маңызды.
Сапа стандарты туралы айттыңыз. Ол Ұлыбританияда үлкен назарға ие. Бұл сұрақты профессормен де талқыладық. Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен инновациялар жеткілікті болса да, құрылыстардың сапасыз, тіпті, қирап жататыны орын алады. Бұған көп аргументті келтіруге болады. Нарықтық заманның басты принципі пайда болғандықтан, жобаларды іске асырудың түпкі мақсаты – неғұрлым көп ақша тапсам деген ұмтылыс шығар.
– Калифорния университетінің профессоры, Пулитцер жүлдесінің жеңімпазы Джаред Даймондтың пайымынша, болашақта урбанизация салдарынан барлық ел Сингапур сияқты жайлы өмір үшін еркіндіктің кейбір түрлерінен бас тартуына тура келеді. Ал урбанизация қазақ даласында қандай формада өтуі мүмкін?
– Оныңыз рас, әлем бұрын-соңды болмаған жылдам өзгеріс­терге ұшырауда. Урбанизация – Қазақстанды ғана емес, әлем елдеріне алаңдау­шылық туғызатын құбылыс. Осыны ескере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы негізінде әлем халқының, қалаларда өмір сүретін адам саны 2018 жылы 4,2 миллиард болса, 2050 жылға қарай 7 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Нәтижесінде қазірдің өзінде мегаполистер шамадан тыс көп. Болашақта олар көлік және инфрақұрылымдық жобалардың түрлі проблемасына тап болуы мүмкін.
Бұдан басқа, орташа есеппен алғанда жер шарындағы қалалық агломерациялар айына 5 миллионға жуық адамды қабылдайтын үрдісті қарастыруымыз керек. Нәтижесінде олардың барлығы жұмыс орындарына, қолжетімді тұрғын үйге, сондай-ақ басқа да жайлы өмір жағдайына сұраныс тудырады. Олай болмаса, қалалардың адамдарға толып кетуі талай шаруашылық, санитарлық және қоғамдық мәселелерге әкеп соғады. Жұмыссыздық өз кезегінде қылмыстың өршуіне итермелейді. Осындай қиындықтарға жауап ретінде, кешендік шешімдердің қажеттілігі туындайды. Және де құрылыс секторы сол шешімдердің басты қатысушысына айналады. Ол деген сөз, экологиялық тиімді технология­ларды назарда ұстай отырып, өнімділік пен құрылыс процесін оңтайландыру арқылы өзгеру моральдық міндеттемеге ие болатын сияқты.
Ал елімізде біркелкі инфрақұ­ры­лымдық дамудың болмауы, әлбетте, адамдардың қалаларда тұруына итермелейді. Бірақ адам санының алпауыт мемлекеттермен салыстыр­ғанда аз болуы қазақ даласындағы урбанизацияның баяу өтетінін көрсететін сияқты. Менің ойымша, ірі қалаларымыз бірте-бірте Нұр-Сұлтан-Қарағанды, Алматы-Шымкент сынды агломерациялық орталықтарға айналуды жалғастырады.
– Бүгінде елдегі құрылыс материалдарының басым бөлігі – сырттан әкелінетін арзан материал. Біріншіден, қы­руар қаржы сыртқа кетіп жатса, екіншіден, тендер мен уақытқа негізделген жүйеде сапаға қаншалықты көңіл бөлінуі мүмкін? Жап-жаңа үйлер мен ескерткіштердің көп уақыт өтпей жатып қайта жөндеуді талап етуі ненің көрсеткіші деп ойлайсыз?
– Құрылыс саласы кез келген елдің дамуының барометрі іспеттес. Саладағы фрагментацияның жоғары болуы ол импорттан қатты тәуелді болғанымызбен, нашарлай түседі. Тендер процесі алғашында бағаны алға қоятын логика болғандықтан, арзан жасаймын деген компаниялар ұтады. Бұл – құрылыс саласынан басқа экономикалық секторларда кездесетін философия. Бірақ мұның астарында талай проблема туғызатын себептер бар. «Ұзын» және «арзан» ақшаның болмауы құрылыс саласының сапасымен тікелей байланысты. Банктерден өте қымбат қарыз алған компаниялар ғимараттарды арзанға салуға мәжбүр. Құрылыс секторының дамуы экономикамен өзара байланысты. Менің ойымша, ол – ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қажет ететін симптомның бірі.
– Қазақстанның құрылыс саласына қандай жаңалық енгізбек ойыңыз бар?
– Жаңалық енгіземін десем, мақтанғандай болармын. Жеке басым инфрақұрылымдық құрылыс­тағы бизнес процестерді барынша тиімді ұйымдастыруды көздеймін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1033555
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар