Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-185930838 %62 %

ЦИРККЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТТЫ МА, КЕМІДІ МЕ? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 12:30 - 2019/08/08


ЦИРККЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТТЫ МА, КЕМІДІ МЕ? – Астана Ақшамы

«Азия жаңғырығы» – әлемдегі ең үздік фестивальдердің қатарында

Шынында да, цирк өнеріне деген халықтың қызығушылығы тө­мендеді ме, әлде керісінше артты ма деген сауалдың жауабын елордамызда өткен 12-нші «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінен таптық. 4-8 шілде күндері Астаналық цирктің іші көрермендерге лық толды. Сол күндері цирк бағдарламасын көріп отырып, балалармен бірге үлкендердің де цирк өнеріне деген зор қызығушылығын байқадық. Ал 13 елден жиналған цирк әртіс­терінің өнер жарысының деңгейі өте жоғары болды. Бұл біздің пікіріміз емес. Әлемдік деңгейдегі цирк өнерінің майталмандарының айтқан сөзі. Қазылар алқасының мүшесі, Майамидегі «Фаерберд продакшн» компаниясының президенті Петр Дубинский «Азия жаңғырығы» фестивалі әлемдегі ең ірі, беделді 15 фестивальдің қатарына кіретінін айтады.
– Менің пайымдауымша, «Азия жаңғырығы» фестивалінің деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Бұл әлемдегі ең үздік аймақтық фестиваль болып табылады. Бұл – Орталық Азия сияқты өте талантты, үлкен аймақтағы әртүрлі елдердің цирк әртістеріне өзін танытуға, цирк өнерінде мойындатуға мүмкіндік беретін жалғыз ірі фестиваль. Ол әлем бойынша өтетін ең үздік 15-17 фестивальдің қатарына кіреді. Олардың қатарында Монте-Карло, Қытай және Ресейдегі беделді фес­тивальдер бар. Ең бастысы, бұл өнер жарысы жаңа таланттардың бағын ашуға, өзін мойындатуға мүмкіндік береді. Сонысымен өте құнды, – дейді Петр Дубинский.
Оның айтуынша, былтыр осы фес­тивальде керемет өнер көрсеткен екі қазақ қызы әуелі Италияға, кейінірек Монте-Карлоға шақыру алған. Ал биыл Әділет Тиканов жетекшілік ететін алматылық әртіс­тердің «Ауыспалы саты» атты цирк нөмірі «Азия жаңғырығы» фестивалінің алтын медалін иеленіп, Беларусь мемлекеттік циркінің директоры Владимир Анатольевич Шабанның атынан арнайы жүлде – Минск фестиваліне шақыру алды. Бұл да – үлкен жетістік.

Цирктен аң мен жануарларды аластату – өнерді өлтіруге апаратын жол

Соңғы жылдары әлемдегі кейбір цирктердің жан-жануарларды аластатып, тек театрлық қойы­лым­дарға, мағынасыз шоуға айналып бара жатқаны шындық. Алайда цирктің өзін, оның манежін жан-­жануарларсыз көзге елестетудің өзі қиын. «Азия жаңғырығы» фес­тивалінің режиссері, Ресейдің халық әртісі, әйгілі Кор­ниловтар әулетінің 4-інші өкілі Таисия Кор­нилова цирктен жануарларды алас­татқан елдердің барлығы өнер­ді өлтіруге әрекет жасағанын айтады.
– Яғни жан-жануарлар жоқ жерде, цирк те жоқ. Ол жай ғана театрға айналады. Мысалы, менің туып-өскен жерім Латвияда қазір циркте үлкендерге арналған эротикалық шоу көрсетеді. Өз басым циркті жануарларсыз еш қабылдай алмаймын. Себебі цирк дегеніміз – ат қораның иісі. Циркке келген әр адам балалық шағына саяхат жасап, аттар, пілдер, жолбарыстармен және өзге де аңдармен бірге ғажайып әлемге еніп кетеді. Қай заманда да цирк жануарлар арқылы көрермендерді өзіне қызықтырған. Тіпті цирктің дүниеге келген жері – Англиядағы Астлей циркінің өзі аттардың өнерін халыққа көрсетуден бастау алған. Ортадағы домалақ арена жануарлардың өнерін көрсету үшін жасалған. Ал аңдарды цирктен аластататын болсақ, онда бұл өнердің не керегі бар? – деген пікір айтты ол.
Таисия Анатольевнаның па­йымдауынша, жануарларды қорғау­шылар бұл мәселені көтере берсе, цирк өнеріне үлкен қауіп төнеді. Өйткені цирк­тегі аңдардың денсаулығы мен өмірі, құқықтары толықтай қорғалған. «Мысалы, Ресейде жан-жануарларды үйретушілерге лицензия беру туралы заң шықты. Яғни кез келген аң үйретуші маман аңдармен жұмыс істеуі үшін әуелі заңды түрде лицензия алады, содан соң жан-жануарлармен жұмыс істеуге рұқсат етілгені жөніндегі психиатр маманның қорытындысын ұсынады. Меніңше, аңдардың өмірі мен денсаулығын осылай да қорғауға болады» дейді ол.

Көзбен көру керек

«Латино» халық­аралық цирк фестивалінің президенті (Италия) Фабио Монтико цирк өне­рінің жылдар мен ғасырлар бойы адамдарға ерекше жылылық, қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келе жатқанын айтады. «Жыл сайын мен әлемдегі көптеген цирк фестивальдеріне барамын. Сонда бір байқағаным, цирк өнеріне деген халықтың ықыласы еш төмендемеген. Керісінше, заманауи технологиялар цирк индустрия­сына деген қызығушылықты одан сайын арттыра түсуде. Соның бір дәлелі – Нұр-Сұлтан қаласында 12-рет өткен «Азия жаңғырығы» халық­аралық фес­тивалі. Бұл фестивальдің биылғы ұйым­­дасты­ру­шылық дең­гейі де, қатысушыларының құрамы да, қазылар алқасының алуандығы да, көрер­мендердің қызығушылығы да ға­ламат болды. Цирктің атмосферасы бөлек. Өйткені бұл жерде бірнеше өнер бір-бірімен қабы­сып, көрерменге ерекше әсер сый­лайды. Менің ойымша, циркке деген қызығушылық ешқашан да кемімейді» дейді ол.
Мұндай пікірді Таисия Корнилова да қостайды. «Мен жақында ғана Будапештегі цирк фестиваліне бардым. Халықтың циркке деген қызығушылығы өте жоғары екенін көрдім. Ресейдегі Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы цирк қойылымдарын көрсеңіз, Еуропадағы цирктерді тамашаласаңыз, циркке деген көрермендердің ықыласының бір тамшыға да кемімегенін көрер едіңіз. Өйт­кені цирк дегеніміз – бұл естен кетпейтін мереке, ерекше көңіл-күй сыйлайтын ойын-сауық, адамның жанын рахаттандыратын демалыс орны. Мысалы, биылғы «Азия жаңғырығы» фестивалі Нұр-Сұлтан қаласындағы цирк­тің бәріміздің көз алдымызда өсіп-­өркендеп, дамып-жетіліп келе жатқанын көрсетті. Бұл – көрермендер үшін аса маңызды нәрселердің бірі. Менің ойымша, бүгінгі ғаламтор мен теледидардың дәурені жүріп тұрған заманда адамдардың циркке деген қызығушылығын жоғалтпауының өзі – шынайы өнердің қадір-қасиетінің ешбір кемімегенінің көрінісі» дейді Таисия Анатольевна.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Азат Бабайұлының пікірінше, көрермендердің циркке деген қызығушылығы артпаса, кеміген жоқ. «Мен жыл сайын елорда кү­нінде өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін асыға күтемін. Балаларымды және өзге қалалардан келген туыстарымды ертіп, циркке барамын. Бұл өнерден алатын әсерді сөзбен айтып жеткізу қиын. Оны көзбен көру керек. Мысалы, биыл сымтемірде өнер көрсеткен қытайлық акробат Жанг Фанның, вьетнамдық қос бишілердің өнерін көргенде аузымызды ашып, көзімізді жұмдық. Қандай ғаламат өнер! Мұндай өнердің өлмейтіні анық. Ал кейбіреулер ғаламтор – театр, циркке деген қызығушылықты жояды деген негізсіз пікір айтады. Өнердің бәсі де, өресі де, өрісі де биік болғанда ол өміршең бола береді» дейді астаналық көрермен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1031951
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Францияда егіздерге арн 9 min
Пара алған Қызылжар орм 1 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 2 sagt
Тағы бір қазақстандық G 2 sagt
Украинада өртенген қона 2 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 2 sagt
Кезекті қазақстандық Go 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Аты аңызға айналған бок 3 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Даниал Ахметов көпбалал 4 sagt
Гонконгте мұғалімдер ше 4 sagt
Ыстамбұлда нөсер салдар 4 sagt
Түркістан облысында АӘК 4 sagt
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 4 sagt
Теннистен Азияның коман 4 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 4 sagt
Көліктегі көп ойлар 5 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 5 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 5 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 5 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 5 sagt
Атырау облысында бетон 5 sagt
Исламдық қаржыланды 5 sagt
Индонезияда кеме өртені 6 sagt
Еліміз шеберлері қазан 6 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 6 sagt