Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26139111961 %39 %

Тоқтық нанды кемітеді – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2019/07/16


Тоқтық нанды кемітеді – Астана Ақшамы

«Тістем нанның қадірін, тарыққанда білерсің» демекші, қазіргі таңда осы бір ас атасының қадіріне жетіп жүрміз бе? Көшеде келе жатып аяғыңның астында жатқан, я болмаса қоқыс жәшіктерінің маңайындағы бей-берекет шашылған нан қалдықтарын көргенде жүрегің езіледі екен. О, тоба! Селт етпестен жолындағы нанды аттап кете беретіндерді де көріп жүрміз.

Нанның қасиетін, құдіретін қазақ ұлтының тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі – ашаршылық геноцидін көргендердің кейінгі тұяғы мына біздер ғана білеміз-ау деген ой келді. Олай деп екпін түсіре сөйлеуімнің де өзіндік себебі бар.
«Тәлім сөз – тәрбие құралы» деген. Ұрпақ тәрбиесі атаның ақылымен, ананың сүтімен берілетіні еш дау тудырмайды. Бұрынғы ақ сақалды аталар, ақ жаулықты әжелер дастарқан басында болсын, көлеңкеде әңгіме-дүкен құра қалса да, көпшілік бас қосқан жиын-тойларда да нанды баспауды, нанды тастамауды дәріптеп, үйретіп, тәптіштеп санаға сіңіріп отыратын. Содан ба нанның қасиетін ұғынып өстік.
Жасыратыны жоқ, ас мәзірін жасағанда дастарқаның жайнап, құстың сүтінен басқасының бәрі қойылса да жалтақтап, елегізіп нанды іздей бастайсың. Өйткені нансыз дастарқаның ойсырап тұрғандай, бір нәрсе жетіспей тұрғандай көрінеді емес пе? Қазақтың философ ақыны Қадыр ағамыз:
«Бәрін қойып дастарқанға,
О, тоба!
Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз» деп жыр­ға қосуы – нанның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар екендігінің бір дәлелі. Сөз орайы келгенде айта кетейін, нан құрамында фитос­териндер және шөптектес ұқсас холестериндермен қатар ағзаға пайдалы тиамин, рибофлавин, никотиномид сынды көптеген дәрумендер бар. Тиамин – ағзадағы көмірсуларды, әсіресе, қалыпты айырбас заттары үшін қажет. Адам ағзасы нан арқылы 14% калория­мен түзіліп, 20% ақуыз, 5% тиамин, 14% никотинамид, 14% рибофлавин, 34% темір және 17% кальциймен байытылады дейді мамандар.
«Нан болса, ән болады» деп ұрандатып өскен заманның баласымыз ғой. Құдайға шүкір, өмірге ән, көңілге нәр сыйлайтын нан тағамынан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары тапшылық көріп жатқан жоқ. Қала бойынша жылына 148 мың тонна нан және жарма өнімдері өндіріледі. Оның ішінде 9,8 мың тонна ұннан нан пісіріледі. Жалпы елордалықтарға 104 мың тонна әлеуметтік ұн тағайындалып, дүкен сөрелеріне тасымалданады. Бас қала халқы наннан тарығып қалмасын деп 22 нан пісіретін 5 ұн тартатын кәсіпорын қалтқысыз жұмыс істейді. Олардың арасында нарықта үздіктер қатарынан орын алған «Сапа-Нан», «Столичный хлеб» ЖШС, «Хамхоев», «Халық Нан», «Иващенко», «Татым», «Ахметов» ЖК бар. Бұл аты аталған кәсіпорындар Нұр-Сұлтан қаласын нанмен қамтамасыз етудің 70 пайыздық үлесіне ие. Ұн тартатындардың көш басында «Цесна-Астық» Концерні» және «Табыс» ЖШС тұр.
Ағымдағы жыл басынан бері 73199 нан өнімдері өндірілсе, оның 7063 тоннасы нан екен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Қазіргі таңда бас қаланы әлеуметтік нанмен қамтамасыз етуге байланысты қоймада 3303 тонна басы артық қор сақталуда. Көріп отырғанымыздай, қала тұрғындарын ас атасы нанмен тұрақты түрде жабдықтау мәселесінде ешқандай ­кедергі жоқ. Осы жолда қаншама жұмыс атқарылуда. Қаншама техника, қаншама жұмыс күші жұмылдырылады. Бір түйір нан жолында қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері кетеді десеңізші. Осыны біле тұра ысырапшылдыққа жол беріп жататындығымыз қалай? Әлде «Тоқтық нанды кемітеді» дегеннің кебі ме?

Бейбіт ОСПАН

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1023375
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар