Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Ана тілім – ардағым – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:00 - 2019/07/13


Ана тілім – ардағым – Астана Ақшамы

Елорданың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанындағы «Руханият» мекемесі «Ана тілім – ардағым» атты рухани-тағылымды кеш ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қолданыс аясын кеңейту, елдік қасиеттер мен отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені ана тілі арқылы отандастарымыздың санасына сіңіру мақсатын көздеген кеште тіліміздің саяси-әлеуметтік ортадағы қазіргі бағыты мен келешектегі даму өрісі бағамдалды. Әр шаңырақтан бастап құзырлы мемлекеттік мекемелерде оның қолданылуының түйткілді мәселелері екшелді. Бүгінгі жаҺандану дәуіріндегі қазақи болмыс пен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы ана тілінің маңызы байыпталып, ел азаматтарының осынау келелі істердегі жауапкершілігі ой талқысына салынды.
Ұлттық ұйысу мен халықтар достығын нығайтудағы қазақ тілінің тұғыры туралы пікірлер ортаға салынды. Тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл үйлесімінің түйінді тақырыптары, тәлімдік мәселелері сараланды. Қазақ тілінің қазіргі заманауи технологиялық үрдістер жүйесіндегі орны туралы сөз қозғалды.Рухани іс-шара барысында ұлт қайраткерлері мен зиялыларының қазақ тілінің жасампаздығына, өміршеңдігіне қатысты айтқан сөздері сахналық көрініс арқылы беріліп, ақындардың ана тілінің қасиеті мен киесі хақындағы сыршыл өлеңдері, тағылымы терең ой-толғамдары, қанатты сөздері оқылды. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев мемлекеттік тілдің мерейін асырып жүрген азаматтарға Алғыс хат тапсырды.
Ибрагим Ескендір, Мөлдір Әуелбекова сынды эстрада әншілері халыққа рух беретін әндерді шырқады. «Қорқыт» дәстүрлі тобы ұлтымыздың көне сарындарын бүгінгі күнмен ұштастырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1022530
Пікірлер

Көрші сілтемелер