Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Үлескерлер мәселесін шешуге барлық тараптар қатысады – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:30 - 2019/07/11


Үлескерлер мәселесін шешуге барлық тараптар қатысады – Астана Ақшамы

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, проблемалық құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен әңгімелесті.

Қала басшысы Е49 көшесіндегі №4 учаскеде орналасқан «Алтын Шар WEST» көппәтерлі тұрғын үй кешені үлескерлерінің мәселелерін тыңдады. Бұл үйдің 774 пәтері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, қалған 714 пәтер келісімшарт бойынша салынуға тиіс. Бүгінде мұнда бірінші корпустың пәтерлерін тазалау жұмыстары жалғасуда,екінші корпустың шатырын орнату, үшінші корпустың іргетас плиталарын гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтауды және заңды иелеріне пәтер беруді созатын негізгі проблема – тұрғын үй кешені орналасқан жер банктің кепі­лінде тұр. Қазір оны қайтару бо­йынша келіссөздер жүргізілуде. Алтай Көлгінов сондай-ақ Е22 көшесіндегі Е51 және Е49 көшелерінің аралығындағы «Семейный» ТК құрылысында да болды. Оған 190 үлескер өз қаражатын салған, барлық пәтерлер бұрыннан сатылған. Қазір құрылыс нысанының жалпы дайындығы 90 пайызды құрайды. Үй салу барысында құрылыс сапасына қатыс­ты кемшіліктер анықталды, абаттандыру, кірме жолдар, жолдар және т. б. мәселелер шешілмеген. Тұрғындар үшін басты мәселесі құрылыс нысандарын тапсыру мерзімдерінің сақталмауы бірнеше рет орын алған. Жұмыстар баяу қарқынмен жүргізілуде. Сондай-ақ, қала әкімі тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімдерін сақтау, сондай-ақ үлескерлер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін әкімдік барлық қажетті шараларды қолданатынын атап өтті. «Барлығы тек әкімдікке ғана байланысты емес. Қазір барлық тараптарды жинап, іс-қимыл жоспарын бекіту қажет болады» деп түйіндеді Алтай Көлгінов үлес­керлермен әңгімесін.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1021670
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар