Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-0813540916 %84 %

Лондоннан Нұр-Сұлтанға жетті – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:30 - 2019/07/09


Лондоннан Нұр-Сұлтанға жетті – Астана Ақшамы

Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласына 29 сәуір күні жолға шыққан «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» халықаралық велошеруі қазақ елінің елордасы Нұр-Сұлтан қаласында мәреге жетті.

Велошеру командасы Қазақ­станда тұратын 6 ұлттың өкілдерінен құралған. Олар велосипедпен 7 елдің 55 қаласында болып, 6000 шақырымдық жолды жүріп өтті. Осыған байланыс­ты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Германия, Польша, Беларусь пен Ресейдегі Қазақ­станның елшіліктерінде сол қалаларда тұратын қазақ этнос­тарының және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірқатар кездесу өткізген. Аттанар алдында велошабандоз­дарды Лондонда және Солтүстік Ирландияда тұратын қандастарымыз бен қазақ студенттері шығарып салыпты.
Биылғы жастар жылына арнап «Қазақ географиялық қоғамы» Kazakh Geographic Society» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған велошеруге қа­тысушылар елорда күніне орай бас қаладағы «Сарыарқа» велотрегінің алдынан Қабанбай батыр даңғылымен Ұлы дала көшесіне бұрылып, одан оңға қарай Ақмешіт көшесімен жүріп, EXPO қалашығының №9 финиш қақпасынан өтіп, ауқымды жобаны түйіндеді.
Салтанатты шара одан әрі EXPO қалашығының сахнасында жалғасын тапты. «Қазақ гео­графиялық қоғамы» Kazakh Geographic Society» қоғамдық бірлестігінің президенті Төлеген Тастанбеков пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов жиналғандарды елорда күнімен құттықтады.
Айта кетсек, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған халық­аралық велошеру Қазақстанның бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен басталған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1020769
Пікірлер

Көрші сілтемелер