Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-197719138 %62 %

Домбырада – дәуір үні – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:15 - 2019/07/09


Домбырада – дәуір үні – Астана Ақшамы

Ұлттық домбыра күніне орай елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда бір мыңнан аса адам бірге домбыра тартып, қазақ күйлерін орындады.

Іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Қадыр ағамыз қасиетті домбыраны «нағыз қазақ» деп жырлаған. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға руx, ақындары­мыз­ға шабыт берген. Осынау игі мұрамыз­ды жас ұрпақ арасында одан әрі танымал ету – біздің міндетіміз. Сондықтан мектеп бағдарламасына домбыра үйрену пәнін қосу орынды деп санаймын, – деді өз сөзінде.
Флешмоб барысында «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көроғлы» күйлері орындалды. Қатысушылардың ең кішісі 5-те болса, ең үлкені – 68 жаста. Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Айт­қали Жайымов пен мәдениет қайраткері, дирижер Нұрлан Бекенов жетекшілік етті.
Мерекелік шара кезінде күмбірлеген күйден басқа, жиналғандар назарына «Жастар» театрының актерлері тарихи қойылымын ұсынды, елордалық музыка мектептерінің шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды, ақындар айтысы да өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1020766
Пікірлер

Көрші сілтемелер